Елде ұлттық рейтингтік агенттік құрылуы мүмкін
Мәжіліс отырысында «Рейтингтік қызмет туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Құжатты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова таныстырды.

Заң жобасы рейтингтік қызметті реттейтін толыққанды құқықтық негіз қалыптастыруды көздейді. Сонымен қатар құжатта кредиттік рейтинг агенттіктерінің жаңа институционалдық құрылымы ұсынылған.
Жобаға сәйкес, Қазақстанда рейтингтік агенттіктердің үш түрі жұмыс істеуі мүмкін. Соның бірі – тәуелсіз ұлттық рейтингтік агенттік. Оның құрылтайшылары қатарында Ұлттық банк, халықаралық рейтингтік ұйымдар және басқа да қаржы институттары болуы ықтимал. Ұлттық банк бұл агенттіктің қаржылық тұрақтылығы мен нарықтағы сенімділігін қамтамасыз етпек.
Екінші бағыт – халықаралық рейтингтік агенттіктердің қызметі. Олардың қатарына Standard & Poor’s, Moody’s, Fitch Ratings сияқты ірі ұйымдармен қатар, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше кемінде бес ел мойындаған өзге де агенттіктер кіреді.
Жалпы, заң жобасы қабылданған жағдайда, елдегі рейтингтік қызметтің ашықтығы артып, қаржы нарығының тұрақтылығын күшейтуге мүмкіндік береді деп күтіліп отыр.


