Алматыда 2 жасар баланың маңдайына қайшы қадалып қалды

Oinet.kz 14-04-2026

Алматы қаласында дәрігерлер маңдайына қайшы қадалып қалған 2 жасар балаға шұғыл көмек көрсетті. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 

 image.png

Оқиға бала үйде жүрген кезде болған. Бала қолындағы қайшымен жүгіріп бара жатып, сүрініп құлаған сәтте өткір зат маңдайына кіріп кеткен.  

Жедел жәрдем қызметі баланы бірден Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жеткізіп, жансақтау бөліміне орналастырған. Дәрігерлер қайшыны шұғыл түрде алып тастағаннан кейін, науқас қарқынды терапия бөліміне ауыстырылды.  

Мамандар баланың жағдайын ауыр деп бағалаған. Қарау кезінде әлсіздік, мазасыздық, құсу, терінің бозаруы және жарақат аймағында айқын ісіну байқалған.  

КТ нәтижесінде сол жақ маңдай сүйегінің көп жарықшақты, ішке қарай басылған сынуы, сүйек сынықтарының ми тініне енуі, пневмоцефалия және басқа да ауыр жарақаттар анықталған. Диагноз – бас сүйегі мен ми қабықтарының зақымдануымен қатар жүретін ауыр ашық бас-ми жарақаты.  

Қайшыны алып тастау операциясы шамамен 10 минутқа созылған. Процедураны дәрігер Николай Кутырев жүргізген.  

Қазіргі таңда бала дәрігерлердің бақылауында, алдағы уақытта тұрғылықты жері бойынша невропатологқа қаралатын болады.

Бюджет тапшы: Үкімет донорларға төлемді арттырудан бас тартты
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу