Қаскелеңде жоғары сынып оқушылары 9 сыныпта оқитын жасөспірімді соққыға жықты

Oinet.kz 15-04-2026

Алматы облысы Қарасай ауданының Қаскелең қаласында жоғары сынып оқушылары 9-сынып оқушысын ұрып-соққан. Алайда полиция қылмыстық іс қозғаудан бас тартып отыр. 

sad-teenager-school-.jpg

Kozachkov offside Telegram арнасының мәліметінше, өткен жұмада Керімбеков атындағы мектептің жоғары сынып оқушылары колледждегі құрбыларымен бірге 9-сынып оқушысына шабуыл жасаған. Жанжалға жәбірленуші қыздың бір қызға дұрыс сөйлемегені себеп болған. Кейін әлгі қыз есесін алу үшін бес құрбысын шақырып, оқушыны аяусыз соққыға жыққан. Сондай-ақ оны тізерлетпек болып, мұның бәрін видеоға түсірген. 

Мектеп оқушысы кешірім сұраған соң, оны жөніне жіберген. Сөйтіп ол болған жағдайды ата-анасына айтқан. Ата-анасы полицияға арыз түсіріп, кінәлілердің жазалануын талап етті.

“Жәбірленушінің әкесі бірден полицияға жүгінген. Құқық қорғау органдары оқиғаға қатысқандарды анықтағанымен, бөлімшеге әлімжеттік көрсеткен қыздың бірінің әкесі ғана жеткізілген. Жәбірленуші тарап ата-аналар бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғауды талап етіп, алдын ала сөз байласу арқылы топ болып күш қолдану белгілері бар екенін алға тартқан”, – делінген жазбада.

Алайда құзырлы органдар 5-6 қыздың өзінен кіші оқушыны ұрып-соғуын қылмыс деп танудан бас тартқан. Жәбірленушінің әкесіне кінәлілердің ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, "Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бабы бойынша 5-10 АЕК, яғни 43 250 теңге көлемінде айыппұл салынғанын айтқан. 

Болған оқиғаға қатысты Алматы облысының полиция департаменті пікір білдірді.

“Бұзақылық фактісі бойынша іс қозғалып, кәмелетке толмағандар есепке қойылады. Жағдай департамент басшылығының бақылауына алынды”, – деп хабарлады ведомство бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов.

Тараздық оқушы төбелестен кейін көзінен айырылды
Қазақстанның қарызы рекордтық деңгейге жетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу