Ертегі. Сауысқан мен көкек

Oinet.kz 16-07-2020 1000

image.png

Ертеде сауысқан мен кӛкек бір орманды мекендепті. Олар ұялары болмай, ағаштың бұтақтарын паналап күнелтіпті. Көкек күнде ерте тұрып  алып: «ұя керек», «ұя керек», - деп, көршілерінің мазасын кетіреді. Бір күні сауысқан көршісіне: 

– Екеуіміз бірігіп бірік ұя істейік. Әуелі саған, содан кейін маған салармыз,  - дейді.

    Көкек: 

– Менің ұя салатын қуатым да, құралым да жоқ. «Керек, керек» деп қақсай берсем, құстың бәрі ағайыным, көп болып көмектесіп, ұя салып берер, - деп келіспейді. 

Сауысқан көкектің көмегін күтпей–ақ, ұя салуға кірісті. Ол ұясының қабырғаларын жас бұтақтармен  таспалап, берік етіп өрді. Оны шыммен, өсімдік тамырларымен мықтап байланыстырды.  Іші  –  тысын саз балшықтармен сылады. Кішкентай бұтақтардан құрастырып, қақпалы есік жасады. Ұяның астына мамықтан төсек төседі. Ал көкектің «керек, керек» деп қақсай  – қақсай даусы қарлығып, тілі сақау болды. Ол кейінгі жылдарда «керек» дегендегі «р»  - ды айта алмай, «керек» деудің орнына «көлек, көлек» дейді. Сондықтан жұрт оны кекетіп «көкек» деп атайтын болды. Сол көкектің күні бүгінге дейін өзімдікі деген ұясы да, үйіші де жоқ.  

Ертегі. Ақ тышқан мен нәресте
Ертегі. Үш жалқау
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу