Тырнақты тістеме (ертегі)

Oinet.kz 03-05-2021 763

image.png

Ертеде бір кедей болыпты. Ол қанша еңбек етіп, тер төксе де, еңбегі зая кете беріпті. Анда-санда бір тойса, шала байып қалады екен. Бір күні Мәдина шаһарында Мұхамбет деген Тәңірдің елшісі барын естиді. Оған барып жолығуға бел байлайды. Ұзақ жол жүріп, пайғамбарға келеді.

– Уа, Тәңірдің елшісі, мен байлыққа жарымай-ақ қойдым. Қанша тер төксем де, еңбегім зая кетеді. Соның себебі неде? – деп сұрайды.

Жігіттің бір жаман әдеті бар екен. Ол өскен тырнағын тісімен алып тастайды екен. Пайғамбардың алдында тұрғанда да сол әдетін қайталапты. Пайғамбар жігіттің мазасыз халін көріпті де, оның басынан сипап:

– Тырнақ тістегенді қой. Бұл – жаман әдет. Әділ Құдай сенің адал еңбегіңді жемейді. Адал кәсіптің құты мен берекесі отбасыңа дарығысы келеді. Бірақ мына жағымсыз әдетің оны үркітіп жібереді екен, – депті. Жігіт кедейшілік себебінің сырын білген кезде таңғалады. Жаман әдетінен дереу тыйылады. Көп ұзамай ісі де алға басып, дәулетті адам болған екен.

Шынайы махаббат қандай болады?
11 саны өлім белгісі ме?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу