Шынайы махаббат қандай болады?

Oinet.kz 03-05-2021 809

image.png

Махаббатты әу бастан үшке бөлдік. Алғашқысы – жыныстық құмарлық, екіншісі – романтикалық сезім, үшіншісі - шынайы махаббат. Жыныстық құмарлық пен романтикалық сезімді махаббат объектіне жатқызбаймыз. Оларды махаббат дегеннен гөрі, «тулаған сезім» деп атаған жөн. Себебі өміршең емес. Махаббат адамның биологиялық және психологиялық ерекшелігіне байланбайды.

Бұл сезім ғашығының ақыл-парасаты, ар-ұяты, жауапкершілігіне бағытталады.

Ежелгі адамдар мәңгі сөнбес махаббатты іздеді. Себебі әлем жаралғалы «Махаббат деген не? Неге сөніп қалады? Неге мәңгілікке ұласпайды?» деген сұрақтар үнемі мазалады. Әлі де бас қатырып келеді. Әркім өзінше жауап беруге тырысты. Бір қызығы: өз өмірінен мысал бере алмайды немесе «Махаббат деген – міне, мынау, мынадай сезім» деп нақты жауап беруге қауқарсыз. Шынайы махаббат «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек пен Төлеген», «Ләйлі-Мәжнүн» сияқты идеалдар әлемінде ғана болатындай ойлайды, бірақ олай емес. Шынайы махаббат объективті келеді. Адамзаттың бәріне ортақ.

Оны тек романтикалық, жыныстық құмарлықпен шатастырып алмау қажет. Шатасқан сайын нигилизмге ұрынып, түрлі типке ұсақталып кете барады.

"Махаббатың мәні" кітабынан алынды

Өлген жүректің тірілуі (қисса)
Тырнақты тістеме (ертегі)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу