Өлген жүректің тірілуі (қисса)

Oinet.kz 01-08-2021 1491

image.png

Бір күні бір шəкірті Яссауи бабадан бүй деп сұрады:

– Тақсыр, бұ дүниедегі ең ірі бақытсыздық не?

– Жүректің өлуі, – деп жауап берді Əзірет Сұлтан.

– Жүректің өлуі деген не? Ол неден өледі?

– Дүниеге толық байлануы. Адамзатқа деген махаббатты дүниеге деген құштарлық жеңгенде пенденің бағы байланып, бақыты қайтады, – деді ұстаз.

Бəрі үнсіз қалды. Үнсіздікті бір мүриді жəне бұзды. Ол:

– Тақсыр, өлген жүрек, сөнген ой қайтсе тіреледі? – деді.

– Ол үшін дəруіштің көз жанары құлшылықта құрғамасын. Себебі Алланың рақметі көздің жасымен келеді. Тəңірі тағала Құранда «бұ дүниеде аз күліңдер. Көп жылаңдар» деген. Момынның жүрегі қорқынышта болсын. Бұл көңілдегі кібірлікті жояды. Тəн құмарынан Рух қалауы биік тұрсын. Кəпір нəпсі денесін билемесін. Тəні тəубе еткенде, маңдайы сəжде етсін. Қолы сақауатта, аяғы шариғатта болсын. Неғұрлым жомарт болса, соғұрлым Алланың рақметіне шомылады. Астың адалын жесін. Түнде ашқұрсақ жатып, сахарда

сергек тұрсын. Құлағы жөн сөзге түрік, бос сөзге бітеу болсын. Өмірлік мұратын Алланың дидары бассын. Тілі зікірмен, ойы пікірмен, көңілі шүкірмен шұғылдансын. Зікір жүректің – емі, пікір – ақылдың кені, шүкір – сабырдың жемісі. Осыларға бекем болса өлген жүрек тез тіріледі. Сөнген ой қайта жанады. Жүректің көзі ашылса, көңілге Хақтың сəулесі молынан құйылады, – деп ұстаз сөзін аяқтады.

​Адам шешімді, шешім тағдырды өзгертеді
Шынайы махаббат қандай болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу