​Адам шешімді, шешім тағдырды өзгертеді

Oinet.kz 01-08-2021 1399

image.png

Шешім қабылдау еркіндігін – қалау еркіндігі деп те атаймыз. Адам фаталистік идеяға маталып қалмаса, мынадай нәрсені анық сезеді. Ол – адамның азаттығы! Ерік-қалауы мен шешім еркіндігіне күмәнданған кісіні мынаған жатқызамыз. Детерминизм философиясына маталған немесе параноидты шизофренияға шалдыққан. Оның ерік қалауын біреу шырмап тастағандай сезіледі. Фатализмге ұрынған невротик үшін ерікқалауы жасырын жатқандай көрінеді. Мүмкіндігін жүзеге асыруға өзі кедергі келтіреді.

Тұлғалық сипатын өзі өсірмейді. Сөйтіп баға жетпес ғұмырын соқыр тиынға алғысыз қылады. Басында айтқандай «адам болу – өзгеге ұқсамау» десек, бұл теорияны былайша дамыту керек: адам болу – өзгеге ұқсамау ғана емес, ұқсамауды үйрену, яғни өзгеруді үйрену. Ерік қалауы тағдырмен жекпе-жек шығады. Себебі біз тағдыр деп адамның еркіндігін жоққа шығаратын мазмұнды айтамыз. Тағдырға дұрыс анықтама былай болса керек-ті. "Жазмыш – адамның ықпалы жүрмейтін аймақ". Ол аймаққа жауапкершіліктің қатысы жоқ. Еріктен тыс болған құбылысқа жауап бермейміз. Бірақ мынаны естен шығармау керек. Еркіндік тағдырға тәуелді. Адам еркіндіктің рақатын тағдырдың ішінде тұрғанда ғана тағдырды өзгертуге мүмкіндігі бар. Өлім сағаты соғып, тағдыр аяқталып, бәрі біткен соң еркіндік феномені нығмет болудан қалады. Адам еркінен мәңгіге ажырайды.

Жоғалған ұрпақ
Өлген жүректің тірілуі (қисса)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу