Тілдің хикметі (қисса)

Oinet.kz 01-04-2021 1410

image.png

Қаланың әмірі Ұлықпанды сынамақ болып, сарайға алдырады. Әмір:

– Әй, Ұлықпан, ел сені ғұлама дейді. Сол рас болса, маған малдың ең дәмді, ең

жақсы мүшесін пісіріп әкел, – деп өтінді. Ұлықпан қойдың тілі мен жүрегін пісіріп

әкелді. Тамақты жеп болған соң әмір:

– Енді маған малдың ең дәмсіз, ең жаман мүшесін пісіріп әкел, – деді. Ұлықпан

бұл жолы да қойдың тілі мен жүрегін әкелді. Әмір:

– Бір мүше қалайша жақсы да, жаман да болады? – деп сұрады. Ұлықпан:

– Адамның жақсы болуы тіл мен жүректен. Егер тілі мен жүрегіне ие болмаса,

адамшылық жоғалады. Жүректен күзет кетсе, тілден тиек кетеді! – деп жауап беріпті.

Отбасы хрестоматиясынан алынды

Қыздың орны (қисса)
Жеті шелпектің шарапаты (хикаят)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу