Іштегі кір деген не? (қисса)

Oinet.kz 01-04-2021 1104

image.png

Мәлике: "Іштегі кір" деп нені айтамыз?

Әбілда: Іштегі кір — бақталастық! Ұлық Алла Адамды жаратқан соң періштелерге көрсетті. Олар адамды "атаққұмар, мансапқор, қанқұмар" деп қорсынып, жаратпады. Сосын періште мен Адам ата ілім сайысында күш сынасты. Жүрек көзі ашылған Адам ата бүкіл періштені шаң қаптырды. Олар Адамның ақыл парасатына қайран қалды. Оны терең танымай жатып "Бұл қанқұмар надан болады" деп сыртынан тон пішкендеріне қатты өкінді. Сосын оған иіліп сәжде жасады. Сол сәтте Ібіліс қана қасарып тұрып алды. Тәңірдің "Мұның не?" деген сұрағына "Мен одан артықпын!" деп қасара түсті. Ол адамның бағын көре тұра өтірік көрмеген бола қалды. Оның ақыл парасатын қасақана көзге ілмеді. Пенде пақырға Ібілістің осы мінезі жұққанда өзінен ірі, шын мықтымен бақталасады. Рухани ілімі өзінен артық болған момындарды күндейді. Оларды жабылып талауға пысықтарды үндейді.

Мәлике: Іштегі кірден қалай құтылады?

Әбілда: Ақыл парасаты өзіңнен асып түскен шын мықтыны жұрт алдында ашық мойындауың керек. Іштей мойындап тұрып, нәпсіңе бой билетіп, қасарыссаң Малғұнның кебін киесің. Сондықтан азамат ердің досымен дос, дұшпанымен қас болуға міндеттіміз. Соған орай біздің жұртта "Өзің бола алсаң бол. Бола алмасаң болған ердің атын ертте!" деген аталы сөз қалған.

«Мың сұрақ» кітабынан үзінді

Жеті шелпектің шарапаты (хикаят)
Ленин - 15 ұлттың басын қосып дүниені дүр сілкіндерген тұлға
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу