Қарақат Әбілдина: Ер дегеннің сиқы мынау
28-05-2022
Танымал әнші Қарақат Әбілдина оқырмандарына жүрекжарды жазбасын арнады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
- Иманның тұрағы... Адамның өзегі... Бүгінде өз жүрегіме көбірек көз саламын. Оның үнін естуге, қалауын тыңдауға, таңдауын білуге тырысамын.
Жүректерді танимын. Жүректің сау не сау емесін айырамын. Ауыспалы мағынада. Жүрегі сау адамнан дұрыс қылық табасың, есті сөздер естисің. Ол өз қадірін біледі, өзгені де құрметтейді. Жараламайды, алаламайды, жоқты барымен, барды нарымен қабылдайды.
Жүрегінде ақауы бар адамның әңгімесі белгілі. Өзінен өзге әлемнің бәрі оған жау, бәрі алаяқ, дұрыс емес. Ешкімнің шындығына сенбейді, айтқанына көнбейді. Айналаның бәрі оған ұрланып, сұрланып, сұрқай тартып, сарғайып тұрады.
Ал шын мәнінде Жүрек - ол тамаша емес пе! Жүрек - Аллаға, адамға, әлемге деген махаббаттың мекені!
Хадисте де « Шын мәнінде Алла сендердің түр-әлпеттерің мен мал - мүліктеріңе емес, жүректерің мен амалдарыңа қарайды» деп айтылған.
Ендеше, Алла Тағала көп қарайтын, Алланың назары түсетін орын - Жүрегімізді қарайтпайықшы. Жаман ой, жағымсыз қылық, қыңыр ниет, қисық сөзбен жүрегімізді жүдетпейік! Жүрегімізді кірлетпейік! Жүрегіңізді мұң шалмасын, кір жалмасын, Жақсы Адам - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншінің бұл сөздерін қолдайтындығын жарыса жеткізуде.
- "Осы кезге дейін менің де жүрегім жаралы болатын. Бірнеше вебинар мен семинарларға қатысып, ойымды өзгертіп, санамды түзеп, жүректі емдеп жатырмын. Жүрек ауырмасын, негативпен қатпарланланбай таза болсын, ұзақ жасасын!", "Өте дұрыс айтасыз, сізбен толықтай келісемін", "Жүрекке тигізіп айттыңыз. Ия расында да жүрегіміз қараймасын. Қысқа ғана ғұмырда ешкімге ренжімей, сыйласып өтейік", "Қандай күшті сөз жүрегінде ақауы бар болган өзінеде өзгегеде кесірі тиеді,жүректеріңізге ақау түсірмеңіздер", "Керемет айтылған сөздер" - деп жазды желі қолданушылары.