«Шынымды айтсам осы сәтті асыға күттім» - Баян Мақсатқызы (фото)
Танымал продюсер Баян Мақсатқызының кенже қызы Айару мектеп бітірді. Бұл туралы продюсер Instagram парақшасында жазды.
- Шынымды айтсам, мен бұл сәтті асыға күттім, айтқандай әрең әрең аяқтадық. Әрине, жақсы оқитын студент емес, тіпті озат та емес. Бірақ, мен оған айтқандай "2+3=5". Мен үшін ол бәрінен жоғары - деп жазды продюсер.
Баян Мақсатқызының кенже қызына желі қолданушылары жылы лебіздерін білдіріп, жарыса құттықтауда.
- "Өмірде мектептегі бағалар маңызды емес. Құттықтаймын!", "Озат болудың қажеті жоқ. Бастысы сұлу әрі бақытты бола білу керек", "Бестіктер өмірде ештеңені шешпейді", "Өмірде баға маңызды емес. Бастысы қызыңыз өте ақылды әрі сұлу. Барлық бастамаларына сәттілік!", "Кеше ғана кіп кішкентай қыз болып жүр еді. Уже мектеп бітірді. Құтты болсын!", "Өтттеее мықты мотивация бала үшін", "Ақылды қыз, саналы бала, мамасына всегда торт, пирог. Қолы алтын" - деп жазды желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram