Баян Алагөзова көзіне 6 жылда 8 рет ота жасатқан
OINET.KZ - Елімізге белгілі продюсер Баян Мақсатқызының денсаулығы сыр берген көрінеді. Ол өзінің инстаграм парақшасында Францияның Биарриц қаласында ем алып жатқанын жазды. Нақтырағы танымал актриса көзіне екі ота жасатқан.
Алагөзованың жазуынша 2016 жылы басынан өткен трагедиядан кейін бас-аяғы 8 ота жасатыпты.
"Бұл қалада алғаш рет осыдан алты жыл бұрын болдым. Ол кезде де мұхиттың шуымен бір ай бойы оңалдым. Міне, қазір де қатты зақым келген көзіме жасалған екі отадан кейін осы қалада қалпыма келіп жатырмын. Айтпақшы бұл – ешкімге айтпаған операциялардың сегізіншісі.
Денсаулығымды қалыпқа келтіру үшін бәрін істедім, енді барлығы қалпына келеді. Мен толыққанды өмір сүремін деп қатты үміттенемін", – деп бөлісті Мақсатқызы.