Бала-бақша. Күзгі саябаққа саяхат

Oinet.kz 26-01-2020 1460

Үсенова Орынкүл Оразайқызы  КМҚК №7 «Алпамыс» балабақшасының  тәрбиешісі
Қарағанды облысы,Сәтбаев қаласы

Күзгі саябаққа саяхат.

Білім беру саласы: Таным

Мақсаты: балалардың табиғат құбылысын жайлы ұғымдарын кеңейту. Күзгі саябақты сұлулығын тамашалай білуге тәрбиелеу және ойындар арқылы шапшаң қимылдар жасау икемділіктерін.

Дамытушылық: Балаларды жылдың күз мезгілімен, табиғаттағы күзгі ерекшеліктермен таныстыру.

Тәрбиелік: Табиғаттың сұлулығын түсініп, табиғат аясындағы қарапайым мінез-құлық ережелерін сақтап, табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Сары, қызыл жапырақтары бар ағаштар, жерде сары, қызыл жапырақтар, музыка, көлдің макеті, тастар т.б.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын ойнау, саяхат, мадақтау.

Билингвальды компонент: жел – ветер, су – вода, саябақ – сад.

 

Тәрбиеші: Балалар, біз бүгін күзгі саябаққа барамыз. Саябаққа жету үшін бірнеше кедергілерден өтеміз.

Күз мезгілі жайлы балаларға сұрақ қойылады.

-Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?

-Күз мезгілі.

-Күзде ауа-райында қандай өзгерістер болады?

-Күн суық болады, жаңбыр жауады.

-Дұрыс айтасыңдар, балалар, сендер күз мезгілі жайлы жақсы біледі екенсіңдер. Ал енді күз мезгілі жайлы тақпақ айтып беріңдерші.

Арайлым:Берекесін сыйлауға ,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

 

                                 

 

 

              Шыңғыс:

           Дала сары киінді,    

Самал соқты салқындау.

Қырмандарға үйілді,

Алтын астық – алтын тау.

             Арайлым:

Әлден-ақ үлгерді,

Ағарып тау үсті.

Суық жел гүлдерді,

       Сарғайтып тауысты.

Дарын:

Түсті алтын жапырақ

Ағаштан үзіліп.

Жасыл шөп қурады,

Жейді түс ажарын.

Тәрбиеші: Балалар күз туралы тақпақтар біледі екенсіңдер. Ал енді саябаққа жету үшін кедергілерден өтейік. Жолымызда өзен бар, суды баспай өтуіміз керек, сосын аяғымызды көтеріп, жолда жатқан кедергілерден аттап өту керек. Балалар кедергіден өтіп, шаршағаншығарсыңдар. Енді біз сергіту сәтін жасайық.

Жел соғады бетке

Шайқалады талдар,

Жел тыныш, тыныш,

Талдар биікке өрлей бар.

 

Енді міне шамалы жүрейік, міне саябаққа жеттік.

-Балалар, қараңдаршы қандай әдемі саябақ. Талдарды сарғайып, қызарып  кеткен жапырақтар, жердегі бәрі төселген жапырақтар, сарғайған шөптер.

-Балалар, жапырақтарға қараңдаршы, жел соғып, жапырақтарды жерге түсіп жатыр. Қатты самал жел соғып жапырақтарды ұшырады. Сол кезде есік қағып дүрсілдеп жел келді.

Жел: Мұнда не істеп жүрсіңдер? Мен сендерді қазір ұшырып жіберемін.

Тәрбиеші: Жел, тоқташы, біз саябаққа саяхатқа келген едік. Күзгі саябақтың сұлулығын тамашалап тұрмыз. Сен бізбен бірге ойнайсың ба?

Жел: Жарайды, ойнайын.

Тәрбиеші: Күзгі жемістерді жинайық. Сосын олардың аттарын атайсыңдар.

Жел: Жарайды, балалар, қандай жемістерді білежі екенсіңдер, көрейік.

Тәрбиеші: Бір, екі, үш жемістерді шашайын оны теріп алыңыздар.

Жел: Туф, мен шаршап келгенде біраз көңілімді көтерді. Сендермен ойнап ашуымды тарқаттым. Мен сендерге сыйлық әкелдім, соншалықты риза болғаныма. Ал енді қоштасайын, сау болыңыздар!

Тәрбиеші сыйлықты алып, балалармен бірге желмен қоштасады.



Тәрбие сағаты. Бала-бақша. Келді міне, Жаңа Жыл
Ашық сабақ. Бала-бақша. Қатынас
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу