Ләйлә Сұлтанқызы жағымсыз жағдайға тап болды (видео)

Oinet.kz 21-06-2021 2969

Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы жақында ұлдарымен саяхатқа аттанған болатын. Ол сапары барысында жағымсыз жағдайға тап болғанын айтты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

Ләйлә.jpg

- Бүкіл өмірім көз алдымнан өтті. Басынан бастап айтайын. Бүгін #watersport-қа барғанбыз. Кішкентай баллондарға отырып теңіз бетімен жарысатын болдық. Төртеуміз төрт баллонға отырып алдық. Бір уақытта қатты толқынға соғылып 1,5-2 метрге аспанға қарай көтерілдім де бір сәтте судың астына күмп еттім.

Қандай жағдай орын алмасын, паника жасамауға тырысатыным бар. Көзімді ашсам су астында тұншығып жатыр екем. Ойлаңызшы. Теңіздің ортасы. Жайлап жүзе бастадым. Судың бетіне шыққанда мені іздеп келгендерді көрем. Бірер минут ұзаққа созылып кеткендей болды. Су астында 1 секундта бүкіл өмірім көз алдымнан сырғып өтті ғой. Ойлап отырмын енді, кейде ертеңге жоспар құрасың, үйтеміз-бүйтеміз дейміз. Құдай осындай оқиғалармен сынап алатын шығар…

Қасымдағы видеодағы ұлым қорқып кеткен сияқты:

- Анашым, ертең тағы мінесіз бе? - дейді.

- Иә, бұйырса, тағы мінем, бұдан да ұзағырақ уақытқа, - дедім - деп жазды журналист.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ляйла Султанкызы (@sultankyzy)

Алтынай Жорабаеваның қыздарымен түскен суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Димашқа пародия жасаған сәби желіні жарды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу