Ашық сабақ. Бала-бақша. Қатынас

Oinet.kz 26-01-2020 1947

Үсенова Орынкүл Оразайқызы  КМҚК №7 «Алпамыс» балабақшасының  тәрбиешісі

Қарағанды облысы,Сәтбаев қаласы

Білім беру саласы: Қатынас

Мақсаты: Ертегі арқылы балалардың ай-қиялын дамыту. Балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс-тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету. Сахналық мәдениетін қалыптастыру.

Дамытушылық: Шалқан ертегісін әңгімелеп, сахналай отырып, тілдік қорын жетілдіру, ойлау, көру, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Достық, бірлік сезіміне тәрбиелеу.

Көрнекілік: Бақша тіршілігін бейнелеген шиырма, кейпкерлер: ата, әже, немересі, ит, мысық, тышқан.

Әдіс-тәсілдер: Сахналау, әңгімеліп көрсету, сипаттап түсіндіру, сұрақ-жауап, мадақтау қортындылау.

Билингвальды компонент: Ата – дедушка, әже – бабушка, немере – внучка, ит – собака, мысық – кошка, тышқан – мышь, шалқан – репка.

 

Жүргізуші: Құретті қонақтар,бүгін сіздердің назарларыңызға «Шалқан» ертегісін байқауын ұсынғалы отырмыз. Балалар, бүгін біз үшін ерекше күн, біздің оқу іс-әрекетімізге қатысу үшін көптеген қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтармен сәлемдесейік.

Балалар: Қонақтармен сәлемдеседі.

Қош келдіңіздер бәріңіз,

Ертегілер еліне.

Қонақтарға қарашы,

Бәріне де ізетпен,

Сіздерге сәлем береміз.

Жүргізуші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем.

-Күн қандай?

-Жылы.

-Не жауды?

-Жаңбыр.

-Ендеше біз мына жерге отырып мына сурет бойынша әңгімелесейік. Мына суретте қандай ертегі екенін білесіңдер ме?

-Мынау қандай ертегі?

-Шалқан.

-Ал мынау кім?

-Ата.

-Ал мынау кім?

-Әже т.б.

-Ал ендеше, балалар, «Шалқан» ертегісін тыңдайық.

 

Атай шалқан егіпті. Шалқан үйдей болып өсіпті. Атай шалқанды жерден суырып алмақ боп, шалқалай тартады. Олай тартқылайды, былай тартқылайды, суыра алмайды.

 

Атай әжейді шақырады. Әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шаланның желегінен ұстайды, олай тартқылайды, былай тартқылайды, суыра алмайды.

Әжей немере қызын шақырады. Немере қызы әжейдің белінен ұстайды. Атай шалқанның желегінен ұстайды, олай тартқылайды, былай тартқылайды, суыра алмайды.

Немересі күшігін шақырады. Күшік мысықты шақырады. Мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немере қыздың етегінен ұстайды, қыз әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды, олай тартқылайды, былай тартқылайды, суыра алмайды.


Мысық тышқанды шақырады, тышқан мысықтың құйрығынан ұстайды, мысық күшікің құйрығынан ұстайды, күшік немере қыздың етегінен ұстайды, қыз әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды, қатты тартып қалғанда, шалқанды суырып алыпты.

 

Есікті қағып, қуыршақ Айша кіреді. Балалармен амандасып, олардың көңілді болып қуанып жатқандары көріп, қуаныштарымен бөлісіп оларға сыйлық береді. Себет толы қызыл алма, сосын балалармен бірге ойын ойнайды.

Қимылды ойын: «Күн мен жаңбыр»

Қортынды: Енді шеңберге тұрып, қолымыздан ұстап.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеіберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық.

Балалар бүгін өте тамаша өнер көрсетіңдер. Бізге келген қонақтарға рақметімізді айтып, сау болыңыздар дейік.


Бала-бақша. Күзгі саябаққа саяхат
Ашық сабақ. Балабақша. Ертегілер еліне саяхат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу