Қыдырәлі мен Қарақаттың Египетте түскен суреттері көпшілікті сүйсіндірді (фото)

Oinet.kz 03-08-2021 3492

Қазақ эстрадасындағы танымал жұп Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның Египетте түскен суреті көпшілікті сүйсіндірді. Бұл сурет әншінің Instagram парақшасында жарияланды.

Қыдырәлі мен Қарақат.jpg

- Қыдекеңді танығаныма 25 жыл, отбасы құрғанымызға 22 жылға аяқ басты. Зымыраған уақыт - ай!

Алғаш отбасымызбен шет елге демалысқа шыққанымыз есімде. 2000 жыл.Түркияның Бодрум қаласына келдік. Бекболатымыз 10 айлық. Түркияға алғаш келуіміз. Күн жарқырап тұр. Жол бойы жайқалып өсіп тұрған пальма ағаштары көздің жауын алады. Ондай ағаштарды журналдан, календарь беттерінен көргеніміз болмаса жақыннан алғаш көруіміз. Қандай көрікті десеңізші. Ұшы қиыры жоқ толағай теңіз. Жағалай гүлге оранған жап- жасыл табиғат. Басымды айналдырып жібергендей. Аузым ашылып, мүлде басқа әлемге топ ете қалғандай ғажап әсерде тұрып, “жеттік-ау!” дедім бе, қолымдағы билеттерді қоқысқа тастай салыппын. Содан не керек естен кетпес демалыс болды. Алған әсерімді айтып тауыса алмайтын шығармын. Сөйтіп қайтатын уақытымыз жақындағанда қазіргідей электронды емес, ол кезде қағаз билеттер еді ғой, қайту билетімізді сұрамай ма? Ақтарып әрі іздейміз, бері іздейміз таппаймыз.

Кейін есіме түсіп Қыдырға айтуға бата алмай, билеттерді мусорға тастап жібергенім туралы сыбырладым. Қалай?! Енді қалай қайтамыз?! Билеттерді тастаушы ма еді ?! - деп, ол аң-таң. Ұрыса ма деп ем, жоқ, мүлде ренжіген де жоқ. Жаным ғой сол, жақсылығын қалай ұмытайын. Содан қойшы әйтеуір тағы да билет сатып алатын болып, сұрақ шешілді-ау. Қазіргідей көп ұшақ ұшпай ма, билет табу проблема болатын сол кездері. Содан бері мен документ, билет дегенге өте мұқият қарайтын болдым☺️ Өмірлік сабақ болды маған. Солай ғой өмірдің өзі адамды көп нәрсеге үйретеді. Қателіктерден сабақ ала отырып шираймыз, шынығамыз. Содан бері әр жылы біреуге көбейіп, бір сәт тынығып, иммунитет көтеру үшін шама-шарқымызша әртүрлі елге келіп-кетіп жүрміз. Бір шықсақ шиеттей баламен 9-10 адам болып шұбырамыз, шүкір. Осындайда билеттің электронды болғаны қандай жақсы деп қоямын. 10 адамның билетін жоғалтсам Қыдекең аздап shwtreykkdnnsnBxvxv дейтін шығар - деп жазды әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)

Айнұр Тұрсынбаева марқұм Оразәлі Досбосыновтың ұлына көлік сыйлады (видео)
Мейрамбек Беспаевпен кездескен әжей енді Нұрболат Абдуллинді іздеп жүр (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу