Абдырахман Асылбеков. Көйлек хикаясы

Oinet.kz 24-09-2020 1294

Арман таңнан заулайды,

Тайбурылдан аумайды.

Төбешіктен қарғиды,

Көк шалғынға аунайды.


Алаөкпе боп ес кетіп,

Етек, жеңі бос кетіп,

Арман үйге алқынып,

Оралады кештетіп.


Аппақ көйлек көк болған,

Көп түймелер жоқ болған.

Шынтақтары сырылып,

Шашына шаң, шөп қонған.


Бірден бәрін байқаймыз.

Байқап, басты шайқаймыз.

Болған жайды айтады

Ақырындап айқайсыз:


– Қуып едім көбелек,

Бөгет болды бөгелек.

Іліп кетті ербеңдеп,

Етегімді ебелек.


– Ал көйлегің неге көк?

– Көк болған соң керемет.

Жарасып тұр емес пе?!

Ағараңдап не керек?


Қысылмайды, күлмейді,

«Бояғаным – бұл», – дейді.

Анасының күнде кір

Жуатынын білмейді.

Бауыржан Момышұлы (1910-1982). Ұяда не көрсең…
Ертай Ашықбаев. Абайдың шаңырағы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу