Шайдоровқа қатысты дауда кім жауапкершілікке тартылды: Спорт министрі жауап берді

Oinet.kz 09-06-2026

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа қатысты дауға пікір білдірді. Министрдің айтуынша, спортшы мен спорт саласының жауапты қызметкерлері арасында түсініспеушілік орын алған. Дегенмен қазір Михаил Шайдоровпен келісімшарт жасалып қойған.

Screenshot_7.jpg 

“Біз Михаилмен бірге бұл жағдайды жан-жақты талдап, тиісті қорытынды жасадық. Шынында да, екі тараптың менеджерлері мен жауапты орындаушылары арасында коммуникациялық олқылықтар болып, ақпарат дұрыс түсіндірілмеген. Соның салдарынан осындай жағдай туындады. Сондықтан Михаилға қатысты мәселе толық шешімін тапты деп есептеймін. Осы мәселеге нүкте қоюды ұсынамын. Ең бастысы – спортшылардың жаңа маусымға дайындығына ден қоюы”, – деді Мырзабосынов.

Сонымен қатар министр Спорт министрлігі тарапынан жауапты менеджерлерге әкімшілік жаза қолданылғанын айтты. Алайда олардың нақты қандай тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын нақтылаған жоқ.

Атырау әкімінің орынбасарына қатысты тергеу жүріп жатыр – Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Назарбаев Amanat партиясының мүшесі емес және қазір саясатпен айналыспайды – Айдос Үкібай
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу