Сабақ жоспары: Ұлт азаттығын аңсаған жыр жебесі
№18 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебі КММ-сі
: « Бекітемін»
ДОІЖО орынбасары :
---------ИльясоваГ.Т
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Ұлт азаттығын аңсаған жыр жебесі»
Пән мұғалімі: Абытбаева Гулзинат Шакировна
Сыныбы: 9 «А»
2017-2018 оқу жылы
Пәні:қазақ тілі | Сыныбы:9«А» | Оқыту тілі:қазақ тілі | Мерзімі:29.09.17 жыл |
Сабақтың тақырыбы: | «Ұлт азаттығын аңсаған жыр жебесі»
| ||
Сабақтың мақсаты: | Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы алған білімдерін жинақтайды, қорытындылайды, алған білімдерін қолдана отырып шығармашылық қабілеттерін, тілдік қорларын дамытады. | ||
Сабақтың міндеттері: | 1. Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы алған білімдерін жинақтау, қорытындылау, алған білімдерін қолдана отырып шығармашылық қабілеттерін, тілдік қорларын дамыту 2. Шығармашылық ізденіс, сөз өнерін арттыру,поэзисын түсініп оқуға, сырына үңілдіру. 3.Патриоттық сезімге тәрбиелей отырып, Отан, жерін қорғай білуге үйрету. 4.Оқушылар бірін-бірі сыйлауға, тыңдауға үйрету. | ||
Сабақтың нәтижиесі: | 1.Махамбет өмірі, шығармашылығынан жалпы мәлімет алады, шығармаларының тақырыбы мен идеясын, көркемдігін ашып, түсініктерін кеңейтеді. 2. Шығармашылық ізденіс, сөз өнерін арттырады,поэзияны түсініп, сырына үңіледі. 3.Оқушылар бірін-бірі сыйлайды, тыңдайды. 5.Топпен жұмыс жасауға бейімделеді. 6.Сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. | ||
Бағалау критерийі 1. Махамбет өмірімен танысады. 2. Шығармашылығынан жалпы мәлімет алады. 3. Махамбет поэзиясының тақырыбы мен идеясын, көркемдігін ашып, түсініктерін кеңейтеді.
| Дескрипторлар • 1.Ақын өмірі, шығармашылығынан жалпы мәлімет алады. • 2.Махамбет поэзиясының тақырыбы мен идеясын, көркемдігін ашып, толғау туралы түсініктерін кеңейтеді. • 3. Шығармашылық ізденіс, сөз өнерін арттырады,поэзияны түсініп, сырына үңіледі.
| ||
Сабақтың түрі: | Сыныптағы әріптестік Дербес, жұптық, топтық жұмыстар | ||
Сабақтың әдіс тәсілдері: | «Ыстық орындық», қиялдату, жинақтау, АКТ, баяндау, СТО, ой толғау, «Мен саған...» тренинігі, | ||
Көрнекіліктер: | Интерактивті тақта, слайд, бағалау парақтары, қосымша кітаптар, ноутбуктер, орындық, карта | ||
Пән аралық байланыс: | Қазақстан тарихы, Қазақ тілі, География. | ||
Сілтеме : | 1. Оқу бағдарламасы, ҚР Білім беру стандарты, күнтізбелік жоспар, 2.9-сыныптың қазақ әдебиеті оқулығы мен қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі | ||
Сабақтың барысы: | 40 минут |
Сабақтың кезеңдері: | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Модуль Әдіс – Тәсілдері. | |
І.Ұйымдастыру кезеңі: | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. 1.Сәлемдесу, көңіл күй сұраймын 2.Психикалық дайындық «Мен саған...» тренинігін өткізу. Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне жақындатады) Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын жүректерінің тұсына қояды) Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады, саусақтары күн сияқты) Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады). Отанды сүген ұл-қыз боп .(қолдарын созып, құшақтарын ашады). Ата-баба мұрасын сақтай, Бірлікте ғұмыр кешеміз.(Құшақтаса бірлесе). | 1.Оқушылар дөңгеленіп шеңбер құрады, жұпқа бөлініп.бір-бірінің қолынан алып жұптасына ізгі тілектер айту керек,бір – бірілерімен амандасады. 2.»Мен саған...»тренингі арқылы оқушылар бір-бірінің қолынан алып жұптасына ізгі тілектер айтуы керек.
| ОЖЕСОжО «Мен саған...» тренингі, «Үнсіз қадам»әдісі, топқа бөліну. | |
3.Оқушылар «үнсіз қадам» әдісі арқылы мынанда топтарға бөлінеді. 1-топ: «Жобалаушылар» 2-топ: «Тарихшылар» 3-топ: «Көркемсөз шеберлері» 4-топ:«Жазушылар» 4.Оқушылар топ ережесін құрады. | ||||
3.Оқушыларды топқа бөлу. «Үнсіз қадам» арқылы топқа бөлу. 4.Топ ережесін құру. 5.Топбасшысы бағалайтын ескертемін. 6.Бағалау парағын таратамын. | ||||
ІІ.Қызығушылығын ояту:
ІІІ.Миға шабуыл:
ІY.«Мағынаны тану»
Сергіту сәті
Y.Қорыту. Бекіту
YІ.Бағалау
YІІ.Үй тапсырмасы
Рефлексия
| Сабақты Қазақстан Республикасының әнұранымен бастаймын. Махамбет Өтемісұлы туралы слайд көрсетемін. Мынадай сауалдар тастаймын. -Бұл кім? -Ол жайында не білеміз? Инсерт әдісі БілемінБілгім келедіБілдім«Ыстық орындық» стратегиясы. Өткен материалды еске түсіру. Шарты: (Топтар бір-біріне 3- сұрақтан дайындайды. Стикерге жазып бір-біріне сағат тілі бойымен таратады. 1 минут ойлануға уақыт беріледі. Қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек. Сұрақ «Ыстық орындық» болғандықтан, онда көп отыруға болмайды. Жауап бере алмаған жағдайда басқа топ оқушысы келіп ауыстырады).. «Қол шапалақтау» арқылы бағалауды өтіну. «Мағынаны тану» кезеңі Мұғалім : Сабақтың эпиграфы: Қазақ халқы талай қиын кезеңді талай басынан кешірді. Елін, жерін көзінің қарашығындай қорғаған, оның мүддесі үшін қабырғасы қайысып, қасық қаны қалғанша қорғап болуды мақсат еткен дара – тұлға батырлары болған. Олар сабырдың тәуекел мен арманның түлегі. Міне осындай көрнекі өкілдердің бірі - Махамбет Өтемісұлы. Ол - тасқындаған қайраттың ғана емес, ең алдымен, кең толғап, кем пішер кемеңгер ақылдың көрінісі. Махамбет Нарын өлкесінде өмір сүріп, « қара қаза, сары бала қамы үшін» ашық қимылға шыққан, халықты соңына ерте білген. Ол ерлікті, өрлікті өзі ғана жасамай, бүкіл поэзиясына ерлікті ту етті, оны кейінгі ұрпаққа өлмес мұра етіп қалдырды. Сергіту сәті «Поэзия минуты» «Жұмыр қылыш» күйін тыңдау. (күй тыңдау) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып өту. · Балалар, өздеріңізге кітаптан тыс Махамбет Өтемісұлы туралы қосымша материалдар қарастырып келу тапсырылған. Сабақ басында қабілет деңгейлеріңізге қарай топтарға бөлініп отырдыңыздар. Соған орай тапсырмалар орындайсыздар. 1-тапсырма. Қабілет деңгейлеріне орай орындалатын тапсырмалар. 1-топ: «Жобалаушылар» Шарты, қойылатын талап: Махамбеттің өмірі мен шығармашылығы жайлы презентация қорғау (кітаптан тыс қосымша мәліметтердің қамтылуы және түс үйлесімділігін ескеру). 2-топ: «Тарихшылар» Шарты, қойылатын талап: Отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтеріліс. Өткен тарихымызға саяхат-шолу жасау. Картамен жұмыс.(Тарихи даталардан шатыспау, тарихи тілмен баяндау. Картамен дұрыс жұмыс жасай білу). Хронологиялық кесте жасау. 3-топ: «Көркемсөз шеберлері» Махамбеттің өлеңдерін мінезіне сай мәнерлеп оқу. 4-топ: «Жазушылар» «Махамбет рухымен сырласу» Шарты, қойылатын талап: (Тәуелсіз елдің ұланы атынан хат жазу). (Публицистикалық стильдің тіл ерекшеліктері сақталуы керек: Сөз жинақы болу керек, қаратпа сөздер, сұраулы және лепті сөйлемдер, экспрессивті, екпінді сөздер). Тапсырмаларды орындайды.
Оқушылар бірін-бірі түрлі фигуралы стикерлер арқылы бағалап шығуды өтіну.
2-тапсырма Интербелсенді тақтадан Махамбет Өтемісұлы туралы бейнеслайд көрсету. Оқушылар көргендерін топта талқылайды, ой түйеді, ой толғайды, өз пікірлерін айтады. (Махамбетті дәріптеу). - Оқушылар, өздерің қойған көрініс барысында Махамбеттің бойындағы ер жүрек, батырлығын, қайсар, тік мінездігілігін неге балар едіңдер? деген сауал тастаймын. Сабағымызды қорытындылай келе, Т.Әлімқұловтың Махамбеттің ақырғы сәті туралы жазылған «Қараой» әңгімесінде Махамбеттің ақырғы ойы: «Қайран халқым!» деген екі сөзге сайған екен... Бүгінде ұлт азаттығын аңсап өткен Махамбеттей, Исатайдай ерлеріміздің ұлы арманы орындалды деп әбден айтуға болады. Жыр жебесінің рухы біздің жүрегімізден мәңгілік орын алады. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов Махамбеттің ақындық құдіретін жоғары бағалай келіп, былай деп жазды: Оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалауын өтіну. Топтардың бір-бірінің бағалауын ескере отырып оқушылардың еңбегіне қарай бағалап шығады. Сыныптан тыс Махамбеттің Исатайға арнап жазған өлеңдерін оқу,талдау. Кері байланыс жасау. Мұғалім стикерлер таратып, оқушылармен кері байланыс жасайды Кері байланыс парағын тарату.
| Оқушылар сауалдарға жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табады. Сын тұрғысынан ойлауға машықтанады.
Білемін Білгім келедіБілдім
Өз ойларын ортаға салады. Оқушылар осы сауалнамаларға жауап береді. Оқушылар Махамбет Өтемісұлы өмірі мен шығармашылығы туралы оқулықтан оқып келген материал бойынша сұрақтар дайындайды. Ойыншы жауап бере алмаса, топ ішінен бір бала шығып жауап береді немесе топ болып жауап беруі қажет. Топтар бір-бірін «Қол шапалақтау» арқылы бағалайды.
«Жұмыр қылыш» күйін тыңдау арқылы оқушылар сергіту сәтін жасайды.
Қабілет деңгейлеріне орай орындалатын тапсырмаларлар орындап шығады..
1-топ: «Жобалаушылар» тобы Махамбеттің өмірі мен шығармашылығы жайлы презентация қорғап шығады. (кітаптан тыс қосымша мәліметтердің қамтылуы және түс үйлесімділігін ескеру). Оқушылар топ ішінде өз ойларын ортаға салып, дәлелдеп шығады. 2-топ: «Тарихшылар» Отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтеріліс. Өткен тарихымызға саяхат-шолу жасайды, картамен жұмыс жасайды.(Тарихи даталардан шатыспау, тарихи тілмен баяндайды. Картамен дұрыс жұмыс жасайды.Хронологиялық кесте түзеді.). Хронологиялық кесте Жыл Оқиғалар1803ж 1846ж 1836-1838ж.жСын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Топпен, жеке жұмыс жасап үйренеді 3-топ: «Көркемсөз шеберлері» Бұл топтан бірнеше оқушы Махамбеттің өлеңдерін мінезіне сай бірнеше оқушы мәнерлеп оқып шығады. 4-топ: «Жазушылар» «Махамбет рухымен сырласу» Бұл топ мүшелері Тәуелсіз елдің ұланы атынан хат жазады. Онда публицистикалық стильдің тіл ерекшеліктері сақтайды: Сөздері жинақы болып, қаратпа сөздер, сұраулы және лепті сөйлемдер, экспрессивті, екпінді сөздер көптеп қолданады. Оқушылар бірін-бірі Түрлі фигуралар арқылы бағалап шығады. Интербелсенді тақтадан Махамбет Өтемісұлы туралы бейнеслайд көреді. Оқушылар көргендерін топта талқылайды, ой түйеді, ой толғайды, өз пікірлерін айтады. (Махамбетті дәріптейді). Махамбет пен Жәңгір хан диалогынан көрініс көрсетеді. Менің атым – Махамбет, - «Намысқа тырысқан жігерлі, күшті де көсем тұлғаға балаймыз» деп оқушылар жауап береді.
Оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бір-бірін бағалап шығады.
Айтылғаннан ой түйеді. Бір – бірінің пікірін тыңдап, сыйлап үйренеді. Өз ойын ашық жеткізе білуге дағдыланады. Күнделіктеріне жазады. Оқушылар стикерлерге кері байланыс өз рефлексияларын жазады. Оқушылар бірін – бірі бағалап үйренеді. Оқушылар өздерінің ойларын, сезімдерін білдіреді.
| АКТ, СТО, ОЖЕСОжО
Инсерт әдісі
СТО стратегиялары, «ой шақыру», «ой қозғау» , хронологиялық кесте,сұрақ-жауап
СТО,ОмОЖТ, АКТ, ТжДБО
Хронологиялық кестемен жұмыс, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.
Инсерт әдісі, СТО стратегиясы
СТО, сұрақ – жауап, ой толғау. |
«Бағалау парақшасы»
№ | Оқушы аты-жөні | ІІ.Қызығушылығын ояту: | ІІІ.Миға шабуыл: | ІY.«Мағынаны тану» | Y.Қорыту. Бекіту | Қорытынды |
1 | ||||||
2 | ||||||
3 | ||||||
4 | ||||||
5 |
Топ басшысы:________________________