Сабақ жоспары: «Аяз би» ертегісі

Oinet.kz 03-10-2020 4994

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ/   ортақ тақырыптар: «Аяз  би» ертегісі

 

Мектеп:Ембі  қаласы 1орта  мектеп

Күні:16.03.2018ж.

Мұғалімнің   аты- жөні:Батырова Гульнара Турехановна

Сынып:6

Қатысқандар:  

Қатыспағандар:

Осы   сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/Ж1.6.1.1.1.Әдеби    шығарманың    жанрын,фабуласын,сюжетін анықтау.

Сабақ   мақсаттары

Барлық   оқушы орындай алады:

Әдеби шығарманың    жанрына  қарай  фабуласы мен  сюжетін сақтап айта алады.

Оқушылардың   көпшілігі орындай алады:

Әдеби  шығарманың  жанрына    қарай дамуын таба  алады.

Кейбір   оқушылар орындай алады:Шығарманың  сюжеттік желісі  фабуласын    сақтай  отырып,өмірмен  байланыстырып, сыни пікір білдіре  алады.

Бағалау   критерийі

-            Әдеби  шығарманың оқиғалар жүйесін рет-ретімен   айту;

-            Жанрына қарай   фабуласымен сюжеттік дамуын анықтау;

-            Әдеби шығарманы   өмірмен байланыстырып,сыни пікір білдіре алу



Тілдік   мақсат

Оқушылар   орындай алады:

мазмұнын  түсінеді,идеясын  табады,

Пәнге   қатысты сөздік қор мен терминдер:

 Би, адамның жаман және жақсы қасиеттері,   хан, уәзір

Диалог   құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Менің  ойымша..,менің  пікірімше..,

Талқылауға   арналған сұрақтар:

Жаман  не   үшін  Аяз  би    деп аталды? Қазіргі  кезде  Аяз    би  сияқты кейіпкерлер  бар    ма?

Құндылықтарға   баулу:

Тарихтың,мәдениет пен тілдің  біртұтастығы .Елжандылық ,   толеранттық,ұлтжандық  тәрбие.

Пәнаралық   байланыс:

Қазақ тілі, дүниетану,тарих

Алдыңғы   білім:

5   минут

  «Сұрақты қағап   ал» тәсілі  арқылы өткен білімді   пысықтау.

ЖОСПАР


Жоспарланған   уақыт

Жоспарланған   жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

7мин

«Ой  шақыру»   

Ертегілер    туралы  не  білесіздер?

Ертегінің    қандай  түрлері  бар?

Шыншыл    ертегі  дегеніміз  не?

Топқа   бөлу.1-топ Шыншыл ертегілер    2-топ Қиял-ғажайып ертегілері 3-топ    Жануарлар туралы ертегілер


20       

Т.Ж.   «Джигсо»  әдісі  арқылы    мазмұнын меңгер.

Топтарға мәтін бөлігі таратылады. Мәтін бөлігін оқып,   топтарында мазмұнын түсіндір.

ҚБ.Смайликтер

Дескиптор:

* Мәтін    мазмұнын  түсініп оқиды.

Ж. «Қалам   ортада»  әдісі

Ертегінің мазмұнын сюжеттік желісін сақтап айт.

ҚБ. «Бағдаршам»

Дескриптор:

Ертегінің    мазмұнын түсінеді

Ертегінің сюжеттік желісін сақтап айтады

«Балық қаңқасы» әдісі

                                               

 

 

 

      Фабуласы


 


 



«Аяз би       әліңді құмырсқққа  жолыңды  біл»                       



Ертегісі                                                       

 

 

                                  Фабуласы

1.Ханның    хабар  беруі

2.Жаман    адамның  ханды  сынауы

3.Жаман    адамның  үйленуі

4.Жаманның  «Аяз  биге» айналуы      

                                  Сюжеті

1.Оқиғаның басталуы:  Ханның уәзірлерге берген тапсырмасы.

2.Оқиғаның    дамуы:Ханның Жаманмен кездесуі.

3.Оқиғаның байланысуы:Жаманның Меңді сұлуға үйленуі.

4.Оқиғаның шиеленісуі:Ханның  Жаманды Барсакелмес аралына жіберуі.

5.Оқиғаның шарықтау шегі:Ханның 40 уәзірін Жаманның   ақылына сүйеніп жазалауы.

6.Оқиғаның шешімі:Хан өз тағын Жаманға беруі.Аяз би   атануы

ҚБ. «Қолдау сөздері»

 Дескриптор:

Ертегінің фабуласын, сюжеттік дамуын анықтайды.

 

 

 

Оқулық

«Сұрақтар қобдишасы

Соңы

13мин

Бекіту: «Сұрақтар қобдишасы» әдісі   арқылы пысықтау.

1.Неге    уәзірлер құс жаманды  деп   қырғауылды,шөп  жаманды  деп шеңгелді  алды?

2.Қырық    уәзір хан мен жаманның арасына неліктен  от    жақты?

3.Хан    неге олардың  азғырғанына  ерді?

4.Неліктен    хан жаманды Ақша  ханның  еліне    көшірді?

5. Жаман    не үшін  Аяз  би    деп аталды?

6. Қазіргі    кезде  Аяз  би    сияқты кейіпкерлер  бар  ма?

 

Рефлексия

«Бір ауыз сөз»  әдісі

«Білдім», «Үйрендім»,  «Есте сақтадым»

 


Қосымша   ақпарат

Ертегі желісі бойына сурет салу







 

 

Саралау   – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға   тапсырманы қалай түрлендіреміз?

Бағалау   –оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

 

 

.

Пәнаралық байланыс –денсаулық жəне

қауіпсіздік,   АКТ-

мен байланыс,

құндылықтармен

байланыс (тəрбие

элементі)

 

Сабақ барысында білім алушыларды ынталандыру мақсатында   смайликтер беріп, «Жақсы,жарайсың,керемет» қолдау сөздерін айтып      отырамын.

Сабақ барысында тапсырмаларға қалыптастырушы бағалау   жүргізіледі.

Білім алушыларға тапсырма орындаған сайын қолдау жүргізіліп отырамын

 

«Мәңгілік Ел» ұлттық құндылықтары,

Тарих,қазақ тілі, дүниетану

Рефлексия.

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін   оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарлаған   саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай   пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?

 

Оқу мақсаты мен сараланған сабақ мақсаттарына   байланысты

тапсырмалар орындалды.Білім алушылар «Аяз би»   ертегісінің мазмұнын меңгеріп, композициялық жоспар құрды.

Сабақ өз дәрежесінде    өтті. Жоспарланған саралау жақсы іске асты. Уақытты тиімді   пайдаландым.

Қорытынды   бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1. «Қалам ортада»  әдісі

2. «Бір ауыз сөз»  әдісі        

 

 

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы   өтуіне ықпалын тигізер еді? (оқыту мен оқуға қатысты)

1. «Джигсо»  әдісі   

2. «Балық қаңқасы» әдісі

 

 

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген   оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1.Әрбір    сабақта  берілген  тапсырмалар мен  дескрипторларды  берілу    керек.

2.Осы әдіс-тәсілдерді    түрлендіріп  отыруымыз  керек    екенін  білдім.

 


Сабақ жоспары: Ұлт азаттығын аңсаған жыр жебесі
Сабақ жоспары: Қаныш Сәтбаев
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу