«Біреудің хайп үшін айтқан сөзі»: Дильназ Ахмадиева ерекше балалардың құқығын қорғайтынын айтты

Oinet.kz 20-02-2026

Отандық әнші Дильназ Ахмадиева Замандас подкастында ерекше балалардың құқығын қорғайтынын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_9.png

Ол аталған подкаста әлеуметтік желіде тараған даулы мәлімдемелерге пікір білдірді. Бұған дейін gulnara.blogger балалардың аутизм мен сал ауруымен дүниеге келуін ата-аналарының «зина жасауымен» және некеге дейінгі қатынаспен байланыстырған. Бұл сөздер қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Дильназ Ахмадиева мұндай пікірлерді қабылдамайтынын айтып, ерекше балалар мен олардың ата-аналарын қолдайтынын жеткізді.

«Мен ешкімді түрмеге жапқым келмейді. Бірақ мен өз баламды, ерекше балалардың мүддесін, аналар мен әкелердің құқығын қорғаймын. Бүгін қоғамда қандай түсінік қалыптасса, ертең біздің балалар сол ортада өмір сүреді», — деді әнші.

Ол ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналардың қоғамда жиі қысым мен түсінбеушілікке тап болатынын атап өтті. Мұндай мәлімдемелер стигманы күшейтіп, жалған түсініктердің таралуына жол ашады.

 «Біз аз емеспіз. Ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасы көп. Сондықтан біреудің хайп үшін айтқан сөзіне көз жұма қарауға болмайды», — деді ол.

«Кәдімгі диета болады»: Нұрлан имам шылым шегіп, боқтайтындарға ауыз бекітуге болатынын айтты
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу