Сабақ жоспары: Аустралияның географиялық орны
Алтынбеков Абзал Әлайдарұлы
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Алғабас ауылы, №157 Б.Пәрімбетов атындағы қазақ орта мектебінің тарих және география пәнінің мұғалімі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылар ізденісі арқылы Аустралияның географиялық
орнының ерекшеліктерін, жер бетінің сипатын, табиғатын
түсіндіріп, жаңа сабақты мазмұндау.
Дамытушылық: Білімге құштарлығын, дүниетанымдылық көзқарасын,
жан – жақтыы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше оқуға, ізденіске тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: салыстыру, картамен, кескін картамен жұмыс, сұрақ –
жауап, топпен жұмыс, тренинг т.б.
Сабақтың көрнекілігі: жарты шарлар картасы, слайд, электронды оқулық
Құрал – жабдықтар: оқулық, интерактивті тақта, компьютер
Пән аралық байланыс: музыка, бейнелеу өнері т.б.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
а) оқушыларды түгендеу
ә) оқушыларды 2 топқа бөлу
б) психологиялық тренинг
ІІ. Жаңа сабақ
Электронды оқулық арқылы жаңа сабақты түсіндіру.
І кезең «Білу»
Оқушылар үй тапсырмасы бойынша географиялық диктант орындайды.
Африканың ауданы ......
Виктория сарқырамасын ашқан саяхатшы ..................................
Африкадан Жер шарының ең ұзын өзені ..... ағып өтеді.
4. Шөлді аймақтарда өзендердің кеуіп қалған арналар ......................
көп кездеседі.
5. Африканың ең биік нүктесі .......................
6. Материктегі жауын – шашынның ең көп түсетін жері .................
ІІ кезең «Талдау»
Оқушылар материктің карталарын құрастыру арқылы сол материктің өзіне тән ерекшеліктерін айтады.
ІІІ кезең «Түсіну»
Оқушылар жаңа сабақ бойынша жұмыс жасайды. Аустралия материгін топ аттары бойынша топтастырып, қорғайды.
ІҮ кезең «Іздену»
Оқушылар кескін картамен жұмыс жасайды. Картаға 2 топ топ аттары бойынша объектілерін түсіреді және жарты шар картасынан көрсетеді.
Ү кезең «Ойлау»
Оқушылар жаңа сабақ байынша тест сұрақтарына жауап береді.
1. Латын тілінен аударғанда «Оңтүстік» деген мағына беретін материк
а) Африка ә) Австралия б) Еуразия
2. Жер шарындағы ең аласа материк
а) Африка ә) Австралия б) Еуразия
3. Аустралия материгінің орташа биіктігі
а) 300м ә) 150м б) 215м
4. Аустралия материгінің жағалауын шайып жатқан мұхиттар
а) Тынық, Үнді ә) Тынық, Атлант б) Үнді, Атлант
5. Аустралия материгінің негізгі бөлігін алып жатқан ежелгі платформа
а) палеозойлық ә) неогендік б) гондваналық
6. Аустралияның оңтүстік – шығысында шоғырланған пайдалы қазба
а) тас көмір ә) мұнай мен газ б) алтын
ҮІ кезең «Демалыс сәті»
Жай музыка ойнап тұрады. Оқушылар жаңа тақырыпқа арнап сурет салады.
ІІІ. Бекіту
ҮІІ кезең «Нәтиже»
Бекіту тапсырмасы орындалады.
Семантикалық карта
Р /с | Өзіндік ерекшеліктері | Арал | Мүйіс | Қала | Жануар | Мұхит | Мемлекет |
1 | Тасмания | ||||||
2 | Байрон | ||||||
3 | Тынық | ||||||
4 | Канберра | ||||||
5 | Йорк | ||||||
6 | Үнді | ||||||
7 | Австралия Одағы |
Топ басшылары сараптама жасайды және оқушылар осы сабақтан алған әсерлері туралы пікірлерін білдіреді.
ІҮ. Бағалау
Ү. Үйге тапсырма: § 53 Аустралия материгінің географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары. Шеткі нүктелерінің координаталарын анықтау