Ашаршылыққа қатысты беймәлім деректер
21-05-2024
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы,
«№19 санаторлық бөбекжай» КММәдіскері
Ұзақбаева Фариза Керейтбайқызы
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек,
тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»
Әбу Насыр әл-Фараби
Ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде мектепке дейінгі мекемеде атқарылатын жұмыстың орны ерекше. Яғни, тәрбие алуды сәби ана құрсағынан бастаса, оны білім теңізінің балабақша атты кемесінде ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіру өте маңызды. Балабақшаға ұлттық тәрбие енгізу арқылы біз ұлтжанды, парасатты ұрпақ өсіретініміз айдан анық. Рухы асқақ, іргесі берік ел боламыз десек, ең бастысы, ұрпақ тәрбиесі мен біліміне сергек қарауымыз қажет. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Елiмiздiң ертеңі-бүгiнгi жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры –ұстаздың қолында» – деген сөзі келер ұрпақ тәрбиесіне ата-анамен қоса, ұстаздың,тәрбиешілердің еңбегі орасан зор екенін айқындап көрсеткендей.
Жапонның ұлы жазушысы Харуки Мураками: «Менің кез-келген батыстық стильдегі шығармамда жапондық рухтың иісі аңқып тұрады», - деген екен. Демек қазіргі ақпараттық үдеріс орын алған заманда ұлт болашағын тәрбиелеудің негізгі қайнар көзі – ұлттық дүниетаным болуы керек деп ойлаймын. Ал, қазақ халқының ұлттық тәжірибелері мен тағылымдарының мол қазынасы – халықтық педагогикада жатыр. Қазақ халқының бала тәрбиелеудегі ұлттық тәжірибелері мен тағылымдарының мол қазынасы – халықтық педагогика. Қазақ баласын қасиетті үш сөзбен-ақ тәрбиелеген. Олар – ұят болады, обал болады, жаман болады. Ұят боладысы – кемел иманын, обал боладысы – мейірімін, жаман боладысы – ізгілікке бастар жол екенін сөзсіз түйсінесің, әрі сүйсінесің.Бүгiнгi балабақшалардың алдында тұрған басты мiндет - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 тамыз № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың жасерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сəйкес білім, білік, дағдыларын,рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, «Мəңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына негізделген жалпы адамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа жəне толеранттылыққа тəрбиелеу, сондай-ақ баланың мектепте оқуға əлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, физикалық жəне зияткерлік даярлығы деп міндеттеді.
Тәрбиенің тал бесігі – балабақша табалдырығынан бастау алып, ізгілік пен парасаттылыққа жол көрсетер іргелі орынның бала тәрбиесінде маңызды рөл атқаратынын есімізден шығармағанымыз абзал. Тағылымды тәрбиенің тәлімін бала бойына қалыптастыратын ұлтжандылық пен адамгершілік жүрегіне ұялататын тәрбие ошағының қазіргі таңда бәсекеге қабілетті жас ұрпақ тәрбиелеуде өзіндік орны мен үлесі зор.Жазушы-педагог Ж.Аймауытов: «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек», - дейді. Осы бір ұлағатты ой астарында отбасында - ата-анасынаң мектепке дейінгі ұйымда – тәрбиешіден талап етілетін тағылым жүгі жатыр. Жер бетінде мекен еткен адамзаттың бір бұтағы — бір халықтың қандай да дара қасиетке ие болып, қандай бет-бейнесімен көрінуі — сол халықтың мектебінің бет-бейнесіне, өзіндік ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Әрине, отбасында бала ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленіп келіп, ол тәрбие балабақша мен бастауыш мектепте жалғасын тауып жатса, бала өте құнарлы этномәдени білім мен тағылым алары анық.
Ұлттық тәлім тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай бiлу тәрбиешінің, ата-аналармен қосылып жүргiзген шараларына байланысты, өйткенi, бiрiншi ұлттық тәрбиенің ошағы –отбасында, екiншiден, балабақшада болғандықтан, ата-ана мен балабақша болып бiрiгiп жұмыс атқару – бізге артылар басты міндет.
Тәрбие – өсіп келе жатқан жас ұрпақты өмірге даярлаудың барлық жағын қамтитын, жеке тұлғаны ғасырлар бойы жиналған адамзат тарихындағы тәжірибені игертіп, біліммен жарақтандыруға бағытталған қоғамның талап-тілегіне тәуелді күрделі үдеріс. Бізге бұрыннан белгі болып келген тәрбиенің ұйымдастырушылары: отбасы, ата-ана, балабақша – тәрбиеші, мектеп – мұғалім. Жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін тұлға тәрбиеші – тәрбие көзі.
Халқымыздың маңдайына біткен ұлттық құндылықтарымызды, сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды дәріптеп, білімге ден қойып көп ізденіс жасамайынша, оқыту мен тәрбиені бірге ұштастырып , ықпалдастыру мүмкін болмайды. Оқыту мен тәрбиені ықпалдастырып қажымай еткен еңбек арқасында әлемдік деңгейдегі дарынды да тәрбиелі азамат пен азаматшалардың шығатынына сеніміміз мол.
Ұлт көшбасшысы: «Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел», - деді.
Рухы асқақ,іргесі берік ел боламыз десек, ең бастысы, ұрпақ тәрбиесі мен біліміне сергек қарауымыз қажет. Бала болашағының негізі – ұлттық тәрбиеде екендігін ескергеніміз абзал.