«Дос іздеген бота» ертегісі

Oinet.kz 30-09-2020 1938

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы

КММ «№19 санаторлық бөбекжай» 

  Тәрбиешісі: Издибаева Бағила Қожамқұлқызы


Мақсаты:

 Ертегі көрінісі арқылы балаларды достық сезімге тәрбиелеу.Өздерінің тиесілі рольдеріне еніп,оны іскерлікпен,үлкен шығармашылықпен орындауға тәрбиелеу.Көркем сөздерді мәнерімен орындауға бағыттау.
Рольдерде ойнайтындар

Тәрбиеші-Автор
Сабина -Түйе
Шерхан-Бота
Нұрдәулет-Лақ
Арнұр -Қозы
Інжу-Күшік
Медет-Мысық
Алишер-Әтеш
Сандуғаш-Ара
Жандос-Бұзау

Автор: Ерте,ерте ,ертеде боталы түйе болыпты.

Түйе:      Түйе,түйе,түйемін
                жануармын киелі,
               Жан-жағыма қараймын,
               күн мен түнді санаймын

Автор: 

Түйе өзінің жібек жүнді,сүйкімді баласына мейірімділікті,адалдықты үйретіпті.Мөлдір көзді бота өте ақылды болып өсіпті.

Бір күні анасы:  Қара көзің мөлдіреп,
                              Қызықтырмай қоймайды.
                              Жібек жүнің үлбіреп,
                              Қарасам көз тоймайды
Боташым,мен саған жақсы достан басқаның бәрін бердім.Енді тура өзің сяқты дос тап.доссыз өмір қиын,әрі қызық емес.(бота басын изеп тұрады)

Бота өзіне ұқсайтын жалт-жұлт еткен жүні бар,жағымды үні бар дос іздеп шығады
Бота,бота,ботамын
Ақылды боп атандым
тостағандай көзім
Әдемімін өзім .

Жайылып жүрген қозы мен лаққа келеді(қозы мен лақ гүл жинап жүреді)

Бота: Бөөөөө Мен дос іздеп жүрмін

Қозы: Мәәәәәәә мен қошақан қозымын
           Мо-мақанның өзімін
Лақ: Мен лақпын,қандаймын,
        Аппақ болған таңдайым.

    Кел бәріміз дос болайық(айналып секіреді)

Бота: Жо-жоқ, сендер сияқты емес

Қозы,лақ: Мүмкін күшік болар.(бота күшікке келеді)

Бота:Бө-өөө-өөө Мен дос іздеп жүрмін

Күшік:  Гаф-гаф,мен күшікпін саққұлақ
              үй күзетем шапқылып
             дыбыс шықса маңайдан
            гаф-гаф деймін қаттырақ

Кел екеуміз дос болайық(айналып секіреді)

Бота: Жо-жоқ,сен сяқты емес

Күшік: Мүмкін мысық болар.(бота мысыққа келеді)

Бота: Бөөө мен дос іздеп жүрмін

Мысық:  Мяу-мяу мен кәдімгі мысықпын
                 Өзім тым пысықпын.
                Бәріменен дос болып,
               пырылдаған пысықпын.
                      Пыр,пыр
Кел екеуміз дос болайық(айналып секіреді)

Бота: Жо-жоқ,сен сяқты дос емес
Мысық: Мүмкін әтеш болар(бота әтешке келеді)
Бота: Бөөө мен дос іздеп жүрмін

Әтеш:Ку-ка-ре-ку Бұрап қойған сағаттай
айқайлаймын таң атпай
Таңмен ерте тұрамын
бәріңді оятамын ку-ка-ре-ку!

-Кел, екеуміз дос болайық(айналып секіреді.

Бота: Жо-жоқ,сен сяқты дос емес

Әтеш. Мүмкін бұзау болар(Бота бұзауға келеді)

Бота:  Бөөө Мен дос іздеп жүрмін

Бұзау:   Әлі -ақ өсіп толамын
             Дәу тайынша боламын.
            Сүт емуді қоямын,
            балаусаға тоямын.
           Мен бұзауқан боламын.

Кел, екеуміз дос болайық(айналып секіреді(

Бота: Жо-жоқ,сен сяқты дос емес

Бұзау: Мүмкін ара болар(Бота араға келеді.Ара ызылдап гүлдерге қонып жүреді)

Бота: Бөө мен дос іздеп жүрмін

Ара:       Зззззз, Ұшып келсем қасыңа,
               Менен сен шошыма
               Сен тимесең тимеймін
               қастығым жоқ, досыма з-з-з.
              Кел, екеуміз дос болайық,
Гүл терейік, бал жинайық(айналып секіреді)

Бота: Жо-жоқ,сен сяқты дос емес.

Автор: Ара ызылдап қуа жөнеледі.Бота арадан зорға қашып құтылады.Басы салбырап,дос таба алмай, өз анасына келеді.

Түйе: -Дос таптың ба, ботам?

Бота: -Жоқ анашым, сенбесеңіз көктегі күннен сұраңыз. Тура мен сяқты, ешкім жоқ екен.

Түйе: -Өзің сяқты дегенім,адалдығыңды айтқаным, боташым.Досты жан тазалығымен таңдау керек.
Бота қуанып, адал достары қозыны, күшікті,мысықты, әтешті, балапанды, бұзауды, араны ертіп келіпті.Содан бері бота адал достарымен мәңгі бірге болатын боп шешіпті

Осымен ертегіміз аяқталды.

"Дос болайық бәріміз" әні орындалады

Сабақ жоспары: Интервалдар әдісі
Ұлттық тәрбиені қалыптастырудағы балабақшаның ролі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу