Ашық сабақ. Отан туралы. Менің Отаным - Қазақстан

Oinet.kz 01-10-2020 4257

Сынып : 7 « Ә»

Мұғалімнің аты-жөні: Исахан   Арай Сегізатқызы



Сабақтың тақырыбы

Менің Отаным-Қазақстан!

Сабақтың мақсаты

Отанын, туған жерін қорғай білуге,   халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата – бабаларымыздың өнеге етіп   қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің   қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Құндылықтыр

Қазақстанның тәуелсіздігі және   Астанасы

көрнекіліктер

2DD4D180-3E0C-40E0-955A-1991713C9C57_mw800_mh600   

Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының   картасы, рәміздер, қанатты сөздер, гүлдер, слайд,маркер, плакаттар
  Әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу.
 
 

Әдісі

сұрақ – жауап, пікір алысу, ой қозғау

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері  

Сабақтағы жоспарланған   жаттығулар түрлері

ресурстар мен  әдіс-тәсілдер.

Басы

Психологиялық ахуал

I КЕЗЕҢ (5 минут)

 

I. Кіріктірілген бөлім.
  Бағдарлау - мотивациялық кезең
  «Қызықты ұйқастар» шешу арқылы сөзжұмбақты шешейік.
               «Қызықты ұйқастар»
  1. Өрмекші құрды тұзақ
  Менің ұлтым... /қазақ/
  2. Ашытылған қамыр
  Мерекелі... /мамыр/

3. Құт   - береке жауғыз,
  Келе жатқан.../наурыз/
  4. Суда жүзер сазан
  Айдың бірі... /қазан/
  5. Аман болсын қарттар
  Суықты болар.../қаңтар/
  6. Биіктеуде жас қала,
  Бас қаламыз... /Астана/
  7. Менің досым салмақты
  Бұрынғы астанамыз.../Алматы/
  8. Партаның бетін жырма
  Күзде басталады.../қырман/

Оқушылармен шеңбер құрып орындалады



  9. Тынықтырар түн
  Қуаныш сыйлар.../күн/

 Қазақ  мАмыр наурыЗ  қазАн  Қаңтар АСтана  АлмаТы  қырмАн   күН 

Ортасы

II КЕЗЕҢ (25 минут)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалімнің кіріспе сөзі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Ұйқастарды шешу   барысында қандай сөзді шығарып алдық?
  -«Қазақстан»
  - Ендеше «Біздің Отанымыз - Қазақстан» атты сынып сағатымызды бастаймыз

-Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?Оқушылар   кластер құрастырады.

1-жүргізуші:Балалар, «Отан» деген сөзді қалай   түсінеміз?(ой – пікірлерін тыңдау)

-Отан - өз үйім, ата – анам,   достарым, бауырым, тау, тас, өзен - көл, туған жер, бәрі Отаным болады.

2-жүргізуші: Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына   көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.

1.Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан,

Өзің жайлы жазамын жыр-дастан.

Әр балаға    Отаны оттан да ыстық,

Мен елімді сүйемін ес білген жастан!

                      2.Қазақстан даласы,

                            Керемет қой,   қарашы!

                            Нұрсұлтандай   Елбасы,

                            Осы жердің баласы  

3.Туған жерім-тұғырым,

Қасиетіңді ұғындым.

Шексіз байтақ далаңа

Қорған болар ұлыңмын.

                        4.Өскен елім-өзегім,

                        Көлім менен өзенім.

                        Орман, тоғай,   тауларың,

                        Ыстық маған, сеземін.

Мұғалім : Біздің Отанымыз қалай аталады екен?
  – Қазақстан.

Баяғыда көп жылдар бұрын 15 республика бірігіп,   Кеңес Одағында өмір сүрді. Олар тату, бірлік қарым – қатынаста болды. Уақыт   өте әр республика өздері тәуелсіз ел болғысы келді. Сөйтіп біздің Отанымыз –   Қазақстан да 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алды.
  Кеңес одағының құрамына кірген елдер (картадан көрсетіледі)
  2.«Елдер достығы» /картамен жұмыс/
  Бүгінгі таңда Қазақстан осы елдердің барлығымен достық қарым - қатынаста. Осы   елдерді картадан іздеп көрелік.
  Қазақстан ұлан байтақ жері бар, пайдалы қазбаларға бай мемлекеттің бірі. Он   төрт облысы бар.

Қазақстан Республикасы 14 әкімшілік облысқа, 5 экономикалық ауданға   бөлінген:

1. Батыс Қазақстан облысы, орталығы – Орал қаласы.

2. Атырау облысы, орталығы Атырау қаласы

3. Маңғыстау облысы, орталығы – Ақтау қаласы.

4. Ақтөбе облысы, орталығы – Ақтөбе қаласы.

5. Солтүстік Қазақстан облысы, орталығы – Петропавл қаласы.

6. Ақмола облысы, орталығы – Астана қаласы.

7. Қостанай облысы, орталығы – Қостанай қаласы.

8. Павлодар облысы, орталығы –Павлодар қаласы.

9.  Шығыс Қазақстан облысы,   орталығы – Өскемен қаласы.

10. Қарағанды облысы, орталығы – Қарағанды қаласы.

11. Оңтүстік Қазақстан облысы, орталығы – Шымкент қаласы.

12. Қызылорда облысы, орталығы – Қызылорда қаласы.

13. Жамбыл облысы, орталығы – Жамбыл қаласы.

14. Алматы облысы, орталығы – Талдықорған қаласы.


 
Қазақстан жері   қандай?
  – Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.(слайд). Дұрыс айтасыңдар, балалар,   Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен   оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.(ҚР – ның картасынан көрсету)

2-жүргізуші: Біздің еліміз – жерінің кеңдігімен   қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы,   теңіздей толқыған егіні, дала толы аң – құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті,   мол.(слайдтан көрсетіледі)

- Отанымыздың астанасы?
  - Астана қаласы
  - Ал сең білесің бе, осыған дейін қандай   астаналар болған?
  - Бұған дейін Орынбор, Қызылорда, Алматы   қалалары астанамыз болған
  - Астана қаласы бұл 13 - ші астанамыз екен.
  - Астана қаласы күннен - күнге жаңарып,   гүлденіп, көркейіп келеді.
  - Аз ғана уақыт ішінде жаңа тұрғын үйлер,   зәулім ғимараттар, гүлзарлар мен фонтандар, әсем ескерткіштер бой көтеріп   қалған
 
  

Хор: «Атамекен»
  Ролик: Менің Қазақстаным!
  Қазақстан біздің сүйікті - Отанымыз. Көрсең   көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері,   ормандары бар. Осының бәрі Алтай менен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында   құлаш жайып, жайнай түрленіп жасанып - жасарып жатыр.
  «Отан отбасынан басталады» - деп халқымыз   айтқандай Отан кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған   мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті – оның жарық дүниедегі жансаясы, өмір   өрісі, оттай жандырған Отаны.
  -Отанымызды сүйіп, аялау үшін еліміз, туған   жеріміз оның тарихы, өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз қажет.


  ІІ. Сараланған бөлім.
  Операциялық - орындаушылық кезең.

Мұғалім: «Кім жылдам?»ойынын ойнаймыз.Әр топ   Отан,туған жер туралы өзінің мақал-мәтелдерден дайындайды және жалғастырады.

1.Отан оттан да … (ыстық)

2.Отансыз адам-… (ормансыз бұлбұл)

3.Туған жердей жер болмас,

…. … … (Туған елдей ел болмас)

4.Туған жердің қадірін

… … … (Шетте жүрсең білерсің)

5.Отан үшін отқа түс, … (күймейсің)

6.Туған жердің күні де ыстық, … (түні де ыстық)

7.Кісі елінде сұлтан болғанша

… … …. (Өз еліңде ұлтан бол) 

Әрбір топ бірін-бірі «бас бармақ әдісі» бойынша бағалайды.

ІІІ. Кіріктірілген   бөлім. Рефлексиялық - бағалау кезеңі.
  Сын тұрғысынан сұрақтарға жауап беру (иә, жоқ)
  1. Қазақстан жері кең байтақ
  2. Қазақстан 5 мемлекетпен шектескен
  3. Астанасы – Алматы
  4. Ұлты қазақ
  5. Пайдалы қазбаларға өте бай
  6. Өсімдіктер әлемі алуан түрлі
  7. Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық - өзендер
  8. Ту, Елтаңба, Әнұран еліміздің рәміздері
  9. Мемлекеттік тіл – орыс тілі
 
 Қорытынды:-Балалар біздің ел басшымыздың   сендерге жіберген хабарламаға назар аударайық:

Оқушылармен бәрге сабақтың тақырыбы талқыланып,мақсат   айқындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III КЕЗЕҢ

(10 минут)

 

 

қортындылау

                         

-  Міне балалар, «Менің Отаным – Қазақстан
  деген тақырыптың мәнін терең түсіне алдыңдар   деп ойлаймын.

Ел алдындағы, болашақ   ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Ерінбей, жалықпай білім алыңыздар,   ел болашағы сіздердің қолдарыңызда.
 
 

 

Оқушылар өз ойларымен бөліседі

 

РЕФЛЕКСИЯ

Бүгін оқушылар не білді?   Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен берілген уақыт ішінде   үлгердім бе?

 Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім   және неліктен?

 

 







Ашық сабақ. Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру
Ашық сабақ. Ұстазым, менің ұстазым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу