САБАҚ ЖОСПАРЫ. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ 10 СЫНЫП, ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ӘҢГІМЕЛЕРІ

Oinet.kz 01-01-2020 1289

Күні:                                   Пәні: қазақ әдебиеті                           Сыныбы: 10

 Сабақтың  тақырыбы :     Ыбырай Алтынсарин   

                                                  әңгімелері

Сабақтың мақсаты :       а)  Ы.Алтынсариннің  әңгімелеріне тоқтала отырып,әңгіменің идеялық мазмұнынына талдау,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау,қорытынды жасау;

                                         ә) білімділік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

                                  б) еңбексүйгіштікке,мамандық таңдай білуге,адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.   

Сабақтың түрі:                     аралас сабақ 

Сабақтың әдісі:                   сын тұрғысынан ойлау (ой қозғау,топтастыру)

Сабақтың көрнекілігі:,     бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс:          тарих , еңбек

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

                      Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                    ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

                 Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

                                   б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

               Ыбырай   Алтынсарин  әңгімелерінің мазмұны адамгершілікке, кісілікке,талаптылыққа, өнерге,еңбекке оқу-білімге,достыққа т.б жақсы қасиеттерге шақырады.  Жақсылыққа жақын болып,жамандықтан ада болуға үйретеді. «Қазақ хрестоматиясына» кірген шағын әңгімі-новеллаларының тақырыбын еңбек, тәрбие, өнер деп шартты түрде бөлуге болады

.

Әңгімелері:   «Қыпшақ сейітқұл», «Атымтай Жомарт», «Әділдік», «Әке мен бала», «Ақымақ дос», « Жамандос,» « Таза бұлақ»,  «Әдеп», « Алтын айдар» т.б

Кітаппен жұмыс:             «Қазақ хрестоматиясындағы»   шығармаларын оқып,талдау жасайды.

Іnsert :  Таблицаны толтырады.

 

Не білетін едім

Не үйрендім

Нені білгім келеді




 

 Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1.      «Қазақ хрестоматиясы» қазақ білімі үшін не берді?

2.      Ыбырай Алтынсариннің қазақ даласында ағартушы ғалым болып қалыптасуына не себеп болды деп ойлайсың?

3.      Ы.Алтынсарин шығармаларында табиғат лирикасының ерекшелігі қандай?

4.      Ы.Алтынсарин  еңбегінің мәні,қазақ әдебиетіндегі алар орны,бағасы қандай деп ойлайсыңдар?

Білімді бағалау:          Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:              әңгімелерін оқып келу.

Дереккөз: Edulife.kz

Шығарма: Парасатты адам
АШЫҚ САБАҚ. М.Мақатаев. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу