АШЫҚ САБАҚ. М.Мақатаев. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

Oinet.kz 01-08-2020 1744

Қасымбек Ақмарал Дәуренқызы

№68 МИ КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Махаббат және абырой Мектеп: №68 МИ   КММ                                                                 Күні: 26.02.2019 ж                       Мұғалімнің аты – жөні: Қасымбек Ақмарал Дәуренқызы          Сынып: 8 Б Қатысқандар:   15                                                                            Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбыМ. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)8.3.1.1 шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау; 8.3.2.1  шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру
Сабақ мақсаттарыШығарманы «Аққудың айырылуы» поэмасымен салыстырады;Шығармадағы құндылықтарды қарастырады;Шығарманың құндылығына заманауи баға береді
Бағалау критерийіПоэманы «Аққудың айырылуы» поэмасымен салыстырады;Шығарманың  құндылықтарын қарастырады; Өз ойын қорытып баға береді.
Тілдік мақсаттарОқушылар орындай алады:  шығарманы басқа шығармалармен салыстырып, құндылығын бағалайды,  шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады. Талқылауға арналған сұрақтар: «Қасиет», «Қасірет», «Кие» сөзін қалай түсінесіңдер?
Құндылықтарға баулуМәңгілік ел ұлттық идеясы: Құрмет. Отанға, ата-анаға деген құрмет.
Пәнаралық байланысэкология
Алдыңғы білім   3мин          «Стикерлер топтамасы» әдісі арқылы үй жұмысын тексеру. Жетімкөл неге жетімсіреп қалды?Бала қандай күйде жатыр еді?Аққуды атқан ана кінәлі ме? Поэма неліктен «Аққулар ұйықтағанда» деп аталған?Поэмада көтерілген мәселе не?
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақта жоспарланған жаттығу түрлері
Сабақтың басы 2мин      3мин

Ұйымдастыру кезеңі

 1. Психологиялық ахуал туғызу. «Сәттілік» сөзіндегі әр әріптен басталатын тілек айту. Сыйластық, әдептілік, төзімділік, тапқырлық, ізеттілік, лайықты жауап беру, ізгілік, күшті топ. 

2. Сынып оқушылары алдын ала 3 топқа бөлінеді.      «Аққу»          «Табиғат»       «Ана»                                             

Мұғалім: Әр ақынның  өлең-өнер болмысында бір қасиеті өзгелерінен басымырақ болады. Мысалы: Абайда – ой, Мағжанда – махаббат, Қасымда – от, Мұқағалида – тазалық (қасиет деген ұғым) басымырақ болады. Алдымен, экранға назар салайық. Білімленд сайтының ресурсын пайдалану (0:27-1:27)

Сабақтың ортасы   7мин                                                             10 мин                                                                                            2мин             5мин                                                   3мин                    Сабақтың соңы 5мин                    

Ж/Ж. «Ойлан, жұптас, пікірлес» С.Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы» поэмасы мен «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын салыстырыңдар. Ол үшін «Аққудың айырылуы» поэмасының мазмұнын еске түсірейік. Оқушыларға поэманың қысқаша мазмұны беріледі.           Айырмашылығы   Ортақ қасиеттер Ерекшелігі                  Бағалау критерийі Дескриптор «Аққудың айырылуы» поэмасымен салыстырады Поэмалар арасындағы айырмашылықтарды анықтайды. Поэмалар арасындағы ортақ қасиеттерді анықтайды. Поэмалар арасындағы ерекшеліктерді анықтайды.     

 ҚБ. Дескриптор арқылы бағалау    

ТЖ. «Аққуды атуға бола ма?» пікірталас.

«Аққу» – жақтаушы топ: Аққуды атуға болмайды.   Аққу – киелі құс, сұлулықтың, пәктіктің белгісі. Аққу – табиғаттың жаратылысы, бірақ өмір сүруге тиіс.   Аққу – махаббат белгісі, махаббатты қорлауға болмайды. “Аққуды атпа, махаббатты сатпа” деген дана сөз бар.   «Ана» – даттаушы топ:     Аққуды атуға болады.   Баласын өлімнен сақтап қалу үшін атады.   Аққу – махаббаттың белгісі, ана мен бала арасындағы махаббаттан артық махаббат жоқ. Ананың балаға деген махаббаты өте күшті.   Егер сол кезде аққуды атпағанда өзін өмір бақи кінәлап өтер еді.     «Табиғат» – сарапшы топ: «Сірә, сорлы жоқ шығар менен өткен,   Құлынымның қасынан неге кеткем? Ошақ қасы, от басы, көрмеппін ғой,   Дүние – ау, сен осындай керемет пе ең? Ана отыр, озбыр ойлар қамалауда,   Қамалауда, әлдекім табалауда.», – осы үзінді арқылы бәрібір шарасыз ананың жай – күйі жанымызға қатты батқандықтан, сорлы анаға жанымыз ашиып, жақтаушы топтың дәлелдерін дұрыс деп таптық.

ҚБ. Топтардың өзін-өзі бағалау парағы

Сергіту сәті: А.Құнанбайұлының «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындау 

Т/Ж. «Аққу» сұлбасы Аққудың мойны – басты мәселе Аққудың қанатының жоғарғы жағы – себептер Аққудың қанатының төменгі жағы– дәлелдемелер (фактілер) Көл – қорытынды.

ҚБ. Оқушылар Жапон әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды. «О»-орташа, «М»-орташа, Үнсіздік-ұнамады.

Т/Ж.  «Аққу» тобына сұрақ: «Қасиет»  сөзін қалай түсінесіңдер? 

«Табиғат» тобына сұрақ: «Қасірет»  сөзін қалай түсінесіңдер? «Ана» тобына сұрақ: «Кие» сөзін қалай түсінесіңдер?

ҚБ. Мұғалімнің бағалауы   Кері байланыс

«Білім ағашы» әдісі арқылы орындалады. Орындалу шарты:  Оқушылар тақырыпты түсінсе жасыл түсті жапырақты, ал тақырыпты түсінбесе сары түсті жапырақ таңдап ағашқа жабыстырады.

Рефлексия «Жұдырық-алақан» әдісі.                                                                               – Мақсатқа толықтай қол жеткізсе ашық алақан. – Жартылай әлі де толықтай жұмыс істеу керек десе, үш саусағын жоғары көтереді. – Елеусіз ғана табысқа жеттім деп есептесе, жұдырығын көрсетеді.


Қорытынды сөз: “Аққулар ұйықтағанда» – ғажап поэма. Бір түнде, бір деммен, табиғат пен ақын сезімінің үндесуінен туған дүние. Аққуды атқан адам жамандыққа ұшырайды, өлген аққу жалғаспаған ұрпақты білдіреді. Ал, ананың балаға деген махаббаты бәрінен де күштірек. Бұл жырда пақыр ана өз баласы үшін қасиетке оқ атады. Ананы бұған итермелеген – баласына деген асыл махаббаты. Балалар, адам – табиғат перзенті. Дүниеде екі ана бар. Бірі – тіршіліктің анасы табиғат анасы, екіншісі  адам анасы. Екеуі де мейірімді. Осы екі анаға да қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға  болмайды. 

Үй тапсырмасы: «Адам және табиғат» деген тақырыпта ойтолғау жаз.

Саралау   Бағалау
Барынша қолдау көрсету:  Поэманы «Аққудың айырылуы» поэмасымен салыстырады. Орташа қолдау көрсету:   Шығарманың  құндылықтарын қарастырады Қолдау көрсету аз:  Өз ойын қорытып баға береді.  

Сабақтың ортасында:

«Дескриптор» арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды;

Топтар  «Өзін-өзі бағалау парағы»,

«Жапон»  әдістері арқылы бір-бірін бағалайды. Сабақтың соңында  мұғалім оқушыларды бағалайды. 

Рефлексия

«Жұдырық-алақан» әдісі

Сабақ бойынша рефлексия 1.Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? 2. Бүгін оқушылар не үйренді? 3. Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? 4. Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? 5.Уақытты қалай пайдаландым? 6.Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім.

Дереккөз: http://oqu-zaman.kz/

САБАҚ ЖОСПАРЫ. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ 10 СЫНЫП, ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ӘҢГІМЕЛЕРІ
Ашық сабақ: Қазақ әдебиеті. Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу