Депутаттар тікелей эфирде төбелесіп қалды
14-05-2021
Facebook қолданушыларының бірі "Еуразия" Бірінші арнасындағы ауа райы жүргізушісі атышулы Динагүл Тасованың "тым ашық" киімін сынға алды.
- Әдетте бөтен адамның гардеробында шаруам жоқ. Бірақ бұл мемлекеттік бюджеттегі телеарна. Неге пікір білдірмеске? Меніңше, анайылау. Қазір мұсылмандарда ораза, көрермендерге құрметпен қарап, әдептілік сақтауға болар еді. Оның үстіне бағдарлама қазақ тілінде. Орысша нұсқасын көрдім, онда жүргізушінің киімі қарапайымдау. Мүмкін "Еуразия бірінші арнасында" дені дұрыс киімдер таусылып қалған болар? "Рейтинг қуу"(...) мен бәрін түсінемін... Бірақ әріптестер, талғамдарыңыз қайда? - деп жазды ол.
Әлеуметтік желідегілердің басым көпшілігі жазба авторын қолдап, стилистерді сынға алған.
- Қараудың өзі жиіркенішті... Бір жылдан астам уақыт осылай киінеді. Осының салдарынан телеарнаны қосқымыз келмейді", "Жақында ғана оның эфирге осылай шыққанын көрген анам қатты ашуланған еді", "Бұл кешкі көйлек. Ол расымен де ауа райы туралы бағдарламаның түсірілімі үшін емес екені анық", "Әрине, әдемі көрінеді, бірақ ол қайда келгенін ұмытып қалған немесе студиядан шатасып кеткен, - дейді желідегілер.