Ердоған тікелей эфирде вакцина салдырды

Oinet.kz 15-01-2021 794

14 қаңтар күні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған тікелей эфирде вакцина салдырды. Ол баспасөз өкілдерінің көзінше коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасының біріншісі салдыртты, деп хабарлайды "Анадолу".

Реджеп Ердоған.jpg

Вакцина салдырғаннан кейін Ердоған Twitter және Telegram желісінде жазды.

Мемлекет басшысына CoronaVac вакцинасы салынды. Оны Түркия Қытайдың Sinovac Biotech компаниясынан сатып алды. Daily Sabah мәліметінше, елге бұл препараттың үш миллион дозасы әкелінген.

Түркия президенті ел тұрғындарының тезірек вакцина алатынына үміт білдірді. Оның айтуынша, Қытайдан тағы 25-30 миллионға жуық доза жеткізілген.

- Біздің вакцинация бағдарламамыздың арқасында 254 мың медицина маманы вакцинаның бірінші дозасын алды. Мен де оларға қосылып, вакцина салдырттым, - деді түрік басшысы.

Майғазиевпен кездескен абақтыдағы әйелдер көздеріне жас алып, ән шырқады
«Ералаш» авторы Борис Грачевский өмірден өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу