Қазақстанда қанша адам Pfizer вакцинасын салдырғаны айтылды
Қазақстанда Pfizer вакцинасын салдырғандар саны 76 944-ке жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі жариялаған мәліметте көрсетілген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
29 қарашадағы жағдай бойынша, Pfizer вакцинасын 76 944 адам салдырған. Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, 60 325 жасөспірім, 5 284 жүкті әйел және 11 335 бала емізетін ана вакцина алған.