Депутаттар тікелей эфирде төбелесіп қалды

Oinet.kz 14-05-2021 2623

Украинаның «Ережесіз саясат» саяси ток-шоуының эфирінде төбелес болды.

Украина.jpg

Жоғарғы Раданың бұрынғы депутаты Олег Барна «Слуга Народа» фракциясындағы әріптесі Дмитрий Соломчукке жұдырық ала жүгірді. «Ресейлік Весна| Донбасс|Сирия|Жаңалықтар» telegram-арнасының хабарлауынша, төбелеске кәдімгі дау себеп болған.

Трансляция кезінде екі саясаткер арасында Украина аумағында жер нарығын іске қосудың қаншалықты орынды екендігі туралы дау туған. Олар көп ұзамай бір-біріне ауыз сөздер айтуды бастаған. Сөзі аяқталғаннан кейін Барна орнынан тұрып, Соломчуктың басынан жұдырығымен бірнеше рет ұрған.

Тележүргізуші оларды тоқтатуға шара жасады. Қарсыластар, тіпті, бір-бірінен алшақтатылғаннан кейін де ауыр сөздер айтуды тоқтатқан жоқ. Нәтижесінде саясаткерлер студияның әр түрлі бағыттарына жайғасты. Сонымен қатар эфир жалғасын тапты.

Қарақат Әбілдина билікке қарсы үндеу жасады (фото)
Заманбек Нұрқаділовтың қызы әкесі туралы әсерлі видео жариялады (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу