Заманбек Нұрқаділовтың қызы әкесі туралы әсерлі видео жариялады (видео)
Марқұм оппозиция жетекшісі Заманбек Нұрқаділовтың кіші қызы - Мерей Нұрқаділова, TikTok-та әкесімен бірге түскен мұрағат кадрларын көрсеткен бейне жариялады. Бұл видео ztb_kazakhstan Instagram парақшасында жарияланды.
Бейне ағылшын тіліндегі фразадан басталады: "Мен барлық еркектерді жек көремін, бірақ ол...". Әрі қарай Мерей мен әкесінің суреттері.
Естеріңізге сала кетейік, 2005 жылдың 12 қарашасында саясаткер, қоғам қайраткері және оппозициялық белсенді Заманбек Нұрқаділов қайтыс болғады. Көзі тірісінде ол сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевты бірнеше рет ашық сынға алды, оны билікті басып алды және жемқорлық жасады деп айыптады.
Саясаткер Алматыдағы үйінде жұмбақ жағдайда мерт болды. Оның жансыз денесінен үш оқтың ізі және оқиға орнынан кезінде оған сыйға тартылған тапанша табылғаны хабарланды. Ресми тергеу «Нұрқаділов өз-өзін екі рет кеудесінен және бір рет басынан тапаншадан атып қаза болған» деген қорытынды жасады.
Ол кезде Мерей небәрі үш жаста еді.