Нұрлан Қоянбаев министрлікке үндеу жолдады (видео)
Танымал продюсер Нұрлан Қоянбаев еліміздің Мәдениет министрлігін сынға алды. Министрлікке байланысты жеке пікірін Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты барысында айтты.
- Мен Мәдениет министрлігіне айтқым кеп отыр дәл осы жерде. Құрметті министр осы бөлінген халықтың ақшасына түсіріліп жатқан киноларға қадағалауыңыз керек. Өйткені, бұндай сұрақтарға жауап беруге шаршадым мен. Шынымен қанша миллион бөлініп жатыр, соған отчет берсін. Мысалы, айтады көрерменнің талғамын түсірді деп. Мен бұл кісілерді мастер, кәдімгідей ағаларымыз бар деп қорқа бастадым. Бүкіл қазақ көрерменді түсіріп жатыр. Талғамы түсіп бара жатыр деп. Біздің қазақ көрермен "Оскар" иеленген киноны қарай алады. Кинотеатрлардан баға бере алады. Біздің көрермен өте мықты деңгейі. Біздің көрермен қазақ халқы ғой. Именно кинода деңгейі түсіп қалу керек оның. Қазақ халқы комедияға бармай-ақ қоямын десе өзі біледі. Сондықтан осындай сөзбен қазақ халқының деңгейін түсіре салу дұрыс емес деп ойлаймын - деді Нұрлан Қоянбаев.