Танымал түрік актері Нұрлан Қоянбаевқа Түркиядан зәулім үй әперген (видео)
Танымал продюсер, шоумен Нұрлан Қоянбаев Түркияға "Бизнес по-казахский" фильмін түсіріуге барған кезде танымал түрік актері Қадыр Догулу вилла әпергенін жеткізді. Бұл туралы ол "ER-BATYR" ютуб-жобасына берген сұхбаты барысында айтты.
- 22 маусымда ұшып бардық карантин кезінде. "Бизнес по-казахский" түсіреміз деп сол жақта сценарий жаздық. Сосын бір үйді жалға алдық. Сосын ол жыр боп кетті ғой. Соны айтып кетейін. Мен көшкен жоқпын. Түркияға барған соң 35 күндей қонақ үйде тұрдық. Қонақ үйде тұру өте қымбат. Өйткені, біз сценаристермен барғанбыз. Мен отбасыммен жүрдім. Сол кезде біз Қадыр Догулуға айтқанбыз: бізге қиын боп жатыр үй тауып бере аласың ба? - деп. Үй тауып берді, маған көрші боласың деді. Үйінің жанынан үлкен вилла алып берді, бассейні, пальмасы бар. Мен айттым мына жер қымбат, мен жұмыс істеуге келген адаммын. Маған бір квартира болады 2 бөлмелі деп. Сөйтіп кетіп қалғанмын. Ертесіне таңертең қонақ үйге келді. Нұрлан шық деп. Далаға шықсам, жүр жаңағы үйге барып келейік дейді. Бармаймын, ол қымбат дедім. Иесі менен қымбат сұрады. Барсақ иесімен келісіп қойған. Скидка жасаған. Өзі қол қойған договорға, мен жоқпын. Өзі ақшасын төлеп тастаған. Болды мен төлеп тастадым дейді. Бермесең бермей-ақ қой ақшасын, менің атымнан дейді. Бір-екі айдан кейін Алматыдан ақша аударып жауып тастадым. Бірақ, үйді алуға көмектескен Қадыр. Маған көрші болшы деді - дейді Нұрлан Қоянбаев.