Қарақат Әбілдина билікке қарсы үндеу жасады (фото)

Oinet.kz 11-05-2021 37974

Танымал әнші Қарақат Әбілдина экс-министр Елжан Біртановты айыптауға қарсы екендігін жеткізді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

Біртанов пен Қарақат.jpg

- "Жау алыстан келмейді" деген сөз бар қазақта. Кей жағдайды көріп ішің күйгенде бұл сөзбен келіспеске амалың қалмайды. Қолынан іс келетін азаматты аяқтан шалу, жала жауып, күйе жағу - қазақтың қанына сіңіп кеткен баяғы қасиеті. Ащы да болса шындық. Мұндайға етіміз де үйреніп кетті ме, шімірікпей жаланы жауып келіп отыра беретін жұртқа айналдық. Бүгінде, қазақтың бір азаматы, білікті маман иесі Елжан Амантайұлы Біртанов "жаптым жала, жақтым күйе" дегенге кетіп отыр.

Өзін танимыз. Адалдығын, азаматтығын білеміз. Әкесі де денсаулық саласына еңбегі сіңген құрметті адам. Сондай әкенің аса қатал, қатаң, мықты тәрбиесімен өскен ұлдың ондай әрекетке баратынына сенбейміз. Біртановтай азаматтың "кім жұмыс жасайды, соның аяғынан шалатын әдейі қастандықтың" жемтігі болып кетпесе екен деген тілек. Айды етегіңмен жасыра алмайсың, өз атын жабу үшін бір жақсыны құрбан ететін сұмырай саясат бар елімізде. Сол сұрқия саясаттың кезекті құрбаны ретінде Біртановты көздеп отырғанын көп қазақ іші сезіп, біліп те отыр! Үнсіз қалуға болмайды! Ұлыңды қорға, қолда Қазақ елі! Мен Елжан Біртановты айыптауға қарсымын! - деп жазды Қарақат Әбілдина.

Еске сала кетейік, Біртанов пен оның орынбасары мемлекетке 1,5 млрд теңге шығын келтірді деген күдікке ілінген болатын. Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)

Қазақ дала Парламентінің түп қазығы – Мәртөбе
Депутаттар тікелей эфирде төбелесіп қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу