Жүрек жеу рәсімін өткізген: Мыңдаған әйел сиқыршыларды аулайтындардың құрбанына айналуда
Шотландиялық Дженни Хорн Еуропада қара магияны қолданды деген айыппен өлім жазасына кесілген соңғы әйел ретінде тарихқа енді. Оның үстіне шайыр құйып, бөшкенің ішіне салып, отқа өртеп жіберді. Бұл – осыдан үш ғасыр бұрын, 1727 жылы болған оқиға.
Сену қиын, бірақ қазір сиқыр жасады деп күдіктенген әйелдерді жазалайтын орындар әлі де бар. Осындай елдердің бірі – Папуа – Жаңа Гвинея, Австралияның солтүстігіндегі аралдық мемлекет.
Бүкіл елді дүр сілкіндірген тағы бір оқиға шілде айының соңында болды. Мұның бәрі жергілікті тайпалардың бірінің құрметті азаматы, бірнеше жүк көлігі бар тұрғынның орманда серуендеп жүрген кезінде кенеттен көз жұмғанынан басталды. Болжам бойынша, ер адам инфаркт алған, деп хабарлайды Al Jazeera.
Алайда марқұмның тайпаластары бұл жағдайға оңайлықпен сенбеген. Олар тоғыз жергілікті тұрғынды "кайкай лева" қорқынышты рәсімін жасады деп айыптаған. Бұл рәсім көз жұмған жауының күші мен батылдығын алу үшін оның жүрегін жеу керек дегенді білдіреді.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары папуалық кәсіпкер шынымен осы рәсімнің құрбаны болғанын немесе бұл оның достарының ұжымдық қиялының жемісі болғанын айтпады. Бірақ көп ұзамай әйелдердің бірі азапқа шыдай алмай өз кінәсін мойындаған.
Олар оқиға болғаннан кейін бірнеше күн бойы тоғыз әйелді орта ғасырдағы қинау әдістерімен азаптаған. Олар күдіктілердің денесін мачетамен кесіп, (жүзі ұзын пышақтар) кесілген жараларды өртеп, үстіне ыстық темір басқан. Жергілікті полиция әйелдерді құтқаруға тырысқанымен, тәртіп сақшыларының күші зұлым қара күштермен күресіп жатқан агрессивті ерлердің тобына қарсы тұра алмады.
Полиция қосымша жасақты күтіп жатқанда, төрт әйел қайтыс болды. Сиқыр жасады деп айыпталған бес адам ғана құтқарылды. Алайда олар өмір бойы мүгедек болып қалады.
Жергілікті билік бұл жағдайларға көптеген шалғайдағы тайпалардың білім деңгейінің төмендігін кінәлады. Сол себепті олардың санасы тұрмыстық деңгейде қалып қойған, дейді олар. Бұған мына сандар да дәлел бола алады. “Дуалайтындарды аулауға" қатысқан 15 мың ер адамның 91-і ғана жағдайды талқылауға қатысқаны белгілі болды. Тағы бір қорқынышты көрсеткіш: Папуа – Жаңа Гвинеядағы әйелдердің 70%-ы ерлердің соққысына ұшырап, зорлық-зомбылық көреді.
"Өкінішке орай, біздің елде көптеген шенеуніктер мен полиция қызметкерлері дуаға сенеді. Бірде мен сиқыршы деп айыпталған әйелдерге екі қызметкерімді құтқаруға жібердім, бірақ олар күдіктілермен бірігіп, азаптауларды жалғастырған. Содан кейін оларға айыппұл салынды, бірақ құқық қорғау органдарынан босатылмады”, – дейді Энга провинциясының полиция бастығы Джордж Какас.
2015 жылы Папуа-Жаңа Гвинеяда дуашыларды аулауға қарсы Ұлттық жоспар жасалды. Бірақ оған ақша бөлу ұмытып кеткен секілді. Шынында да, ай сайын мемлекеттегі әйелдерге қарсы қорқынышты қылмыстардың саны артып келеді.