«Ulttyq tárbie» – мәдениет қазынасы

Oinet.kz 29-04-2021 1069

Screenshot_19.png

Мәдениет – рухани құндылықтарымызды насихаттаған кезде биіктей түседі. Шырайлы Шымқалада мәдениет саласында біршама жұмыстар атқарылуда. «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басшылығы мен жетекші мамандары өңірлік жобалық кеңсе қызметкерлеріне «Ұлттық тәрбие» жобаларының бейне таныстырылымын өткізді. 

Бағдарлама аясында «Ulttyq tárbıe» идеологиялық платформасы» жобасы негізінде ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жастар арасында кеңінен насихаттауға бағытталған бірнеше жобалар таныстырылды.

Мақсаты - ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жастар арасында кеңінен насихаттау. 

Тәрбиелік маңызы бар сыныптан тыс іс-шаралар сценарилері балабақшадағы бүлдіршіндер, мектеп оқушылары және жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған шара мәдениет саласын көтеруде үлкен үлес қоспақ. 

Нәтижесінде танымдық квест ойыны, «Dastur start» зияткерлік ойыны секілді ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу мақсатында өткізілетін іс-шараларға қатысатын жастар саны ұлғаяды, жастар бойында ұлттық салт-дәстүрлерді театралдық көріністер арқылы ұғынып, шығармашылық қабілеттері артады, зияткерлік қабілеттері шыңдалады деп жоспарлануда. 

Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жас ұрпақты тәрбиелеу бойынша ата-аналар мен мұғалімдерге арналған мотивациялық оқыту онлайн курстарын өткізу жоспарда бар.

Бейнебайланыста таныстырылған тағы бір жоба - «Ulttyq tárbıe» идеологиялық платформасы» жобасы. Мұнда қажырлы еңбектің арқасында көрнекті жетістікке жеткен тұлғаларға арналған «Қажырлы еңбек – табыс кілті» атты электронды флаерлер (инфографикалар) жобасы даярланады. «Баланы еңбекқорлыққа қалай баулимыз?» тақырыбында ата-аналарға арналған қалта жолнұсқаулығы жасалынбақ.

Ауа райы жүргізушісі ашық образы үшін сынға қалды (фото)
Тарихы тереңде зообақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу