Жалаладдин Румидің нақыл сөздері

Oinet.kz 16-08-2020 1461

image.png

1. Басқалардың сөздерiн қайталау олардың мағынасын түсiнгендi бiлдiрмейдi.

2. Кез келген жоғалту — тауып алу. Кез келген тауып алу — жоғалту.

3. Сен маған сөз дәрменсiз дедiң. Осы айтқаның рас болса, бұл тек сөздiң дәрменсiздiгi туралы сенiң сөзiңнiң дәрменсiздiгiн бiлдiредi.

4. Айнада, өзiмiз бiлетiндей, бәрi керiсiнше. Бiрақ онсыз бiз ешқашан өзiмiздi көрмес едiк.

5. Біреудің сөзін қайталау түсінгендіктің белгісі емес.

6. Достыққа дұшпандық қылған адам оңбас.

7. Күздегі жапырақтай қалтырама.

8. Кіммен жүргеніңе, кіммен дос болғаныңа мұқият бол. Өйткені бұлбұл гүлге, қарға қоқысқа жетелейді.

9. Кеше мен əлемді өзгертуге тырысатын "өте ақылды" адам едім. Ал бүгін өзімді өзгертуге жұмыс жасайтын қарапайым адамға айналдым.

10. Тірі кезіңде өл, өлместен бұрын тіріл.

11. Ақылды адамдармен дос болыңыздар. Ақымақ дос ақылды дұшпаннан да қауіптірек екенін біліңіз.

12. Өлген соң мені молалардан іздемеңіздер, ғалымдардың жүрегінен іздеңіздер.

13. Өз жаныңыздың бар мүмкіндіктерін бағалап, қадіріне жетуге тырысыңыздар.

14. Ғылымды сөз арқылы үйренсек, өнерді тәжірибе арқылы игереміз.

15. Кейбір нәрсе қарапайым адамға мыс болып көрінгенімен, қадіріне жететін адам оның алтын екендігін біледі.

16. Бұл әлем құдды тау сияқты. Біздің істеген істеріміз сол тау арасындағы айқайға ұқсайды. Ал содан шығатын жаңғырық біздің ісіміздің қайтарымы іспетті.

Адам баласының көңіл-күйі өзгергіш болады. Дегенмен жұртшылық ол сезімдерін өзі басқара алмайды. Егер адам баласы өз өзгерісінің себебін анық біле алмаса, қалайша өзін-өзі танымақ?

17. Мысалы он адам бір үйге кіруге талпыныс жасаса, оның тоғызы ғана мақсатына жете алуы мүмкін. Қалған бір адам "тағдыр солай" деп, қол қусырмай, өз кемшіліктерін іздегені жөн.

18. Ғылымды үйрету үшін алдымен соны түсінетін орта керек. Қанша ақылды сөздер айтылғанымен, ол сөз жетім қалса, одан не пайда?

19. Құлақ, ауыз, мұрын секілді фигуралар бірігіп адамды құрайды деп айтып жүрміз. Олай болса, сол фигуралар ескерткіште де бар ғой...

20. Ерік, жігерің мен күшің барда еңбек қыл. Сонда қазынаға тап боларсың.

21. Адам баласының тәнінің хайуаннан айырмашылығы жоқ. Тек дене рахатының соңынан қууға ұялыңыз. Жан рахаты қараңғыдағы жарқыраған күн іспетті сізді бақытты етер.

22. Жаңа нәрсеге қол жеткізгің келсе, пайдасыз ескі нәрселерден құтыл.

23. Біреудің қайғысының үстінен бақыт құру мүмкін емес.

24. Ақылсыз адам қайғысын тілінің кесірінен жиып алады.

25. Қайғыға тап болсаңыз, пайдасыз балағаттаудың орнына одан шығудың жолын іздеңіз.

26. Отбасындағы ер мен әйел тең дәрежеде қарым-қатынаста болуы керек. 

Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері
Ұстаздар күніне құттықтау сөз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу