Батырдың дулығасындағы үкі нені білдіреді?
Кезінде қазақ жауынгері басын бес қарудан қоғану үшін дулыға кигені барша қазаққа мәлім. Ал сол дулыға төбесіндегі үкіні көрсек, "Батырдікі", үкі болмаса, жәй ғана жауынгер деп түсінеміз. Ал түптеп келгенде ол "үкілердің де" берер өзіндік мәні бар екенін көбіміз біле бермейді екенбіз. Ендеше тоқталып өтейік. Қарапайым жауынгер үкісіз дулыға немесе өзінше бөрік іспетті бас киім киетіні рас. Егер жауынгер, жекпе-жекте жауының қарсылас 1 батырын өлтірсе, оған "Батыр" деп дулыға сыйлап, дулығасының басына 1 үкі тағады екен. Егер, осындай 3 рет жекпе-жек өткізіп, үшеуінде де жауының батырын жеңіп шықса, онда дулығасының басына үкі орнына үкінің (қасиеті бар түн құсы) құйрығы тағылады екен. Ол Батырдың дәрежесін көрсететін "титул" деп аталады.
Киелі, Әулиелі өлке - Маңғыстаудың "қалқаны" болған көптеген батырлары арасында болған, Әнетұлы Ер Төлеп батырдың дулығасының төбесінде 3 "титул" болған деседі. Демек ол, 9 рет жекпе-жек өткізіп, тоғызында да қарсыласын жерге құлатқан болып есептеледі. Демек, соғыстан, жекпе-жектен тәжірибесі мол батыр екенін көрсетеді. Өмірден 85 жасына қараған шағында Алланың "ақ" ажалымен өмірден өтуі, осы 3 "титулының" болғандығын расқа шығаруына болады...