Көшпенділер. Шығарма

Oinet.kz 23-09-2019 2245

Қазақ халқы бұрыннан көшпенді халық. Басты айналысатын кәсібі – мал шаруашылығы. Малдың соңынан еріп ыңғайына бағынып жүре берген. Жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп қонып жүрген. Сол арқылы көшпенді қазақ мәдениеті қалыптасты. Көшпенді қазақтың баспанасы – киіз үй. Ол тез жиналып, құруға да ыңғайлы болды.

17092015_01.jpg

Көшпенділер мәдениеті мен салт-дәстүрі қазіргі күнге дейін сақтаулы. Бәрімізге мәлім, тарихи жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы көшпенді қазақтың өмір салты мен әдет-ғұрпын таныстырады. Бұл шығарма – қазақ сөзөнерінің әлемдік нұсқасына қосылған құнды тарихи туынды. Трилогия Алмас қылыш, Жанталас және Қаһар деген бөлімдерден тұрады.

Осы трилогия желісімен керемет кино-картина  жарық көрді. Әлем халқының зор ілтипатына бөленген бұл фильм біршама тілдерге ауыстырылып, әлем жұртына таңылды. Фильмде қазақ халқының базғы тыныс-тіршілігі мен тұрмыс салтын бейнеледі. Фильмде сонау ХV-XIX ғасырдағы қазақ хандығы бейнеленіп, Әбілқайыр хан, Бұқар жырау, Абылай хан, Кенесары хан сынды тарихи тұлғалар сөз етіледі.

Ұлттық спорт түрлері. Шығарма
Батырдың дулығасындағы үкі нені білдіреді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу