Ұлттық спорт түрлері. Шығарма

Oinet.kz 23-09-2019 1430

Ұлттық спорт – жауынгершілік жаттығу. Қазақ халқы жылқы жануарын әркезде де қастерлеп ұстаған. Ал спорттық ойындардың көбі жылқының үстінде ойналады. Ұлттық спорт түрлеріне көкпар, қыз қуу, аудараспақ, теңге ілу, ақсүйек, ханталапай  сынды ойындар жатады.

4600b1424465e9bffb6919775ef14a49.jpg

Бұрындары қазақ халқы жаугершілік заманда жаудан қорғану мақсатында әр қилы айла-шаралар ойлап, әрекеттер жасаған. Спорттық ойынның қайсысын алақта жауынгерлік жаттығудың басымдығын көреміз. Мәселен, ұлттық ойын көкпар. Бұл ойын аттың үстінде ойнатылады. Аттың үстіндегі ептілігі мен тақымын шынықтыратын жаттығу. Жаудың таұымына тығып алған жарағын көкпар тартып шыныққан сарбаз оңай алары сөзсіз.

Аудараспақ ойыны  жауды ат үстінде аударып жіберіп, астындағы атын олжалыққа алып немесе қарсы келген жауын қиын-қыстау сәтте аударып жіберуді балаға үйретеді. Осы секілді ұлттық ойын әрі жауынгершілік жаттығулар баланың ермінезді мықты болып қалыптасуында зор әсер етеді.

Баланың физикалық жағынан мықты әрі тез шешім қабылдауына өзіндік әсерін тигізетін ұлттық спорттың түрі – күрес. Денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтып, төзімділік пен ептілікке үйрететін ұлттық спорт түрі.

Ұлттық спорттың және бір түрі – асық ату мен тоғызқұмалақ. Бұл ойындарды негізінен жасөспірім балалар ойнайды. Жас кезінен асық ату арқылы мергендігін шыңдайды, дәлдігін реттейді, ептілігін арттырады. Ұлттық спорт түрлері баланың физикалық жағынан мықты болып жетілуіне зор ықпал жасайды. Ойын арқылы баланың ой-өрісі мен дене бітімі нығайып, өмірде тұлға болып қалыптасады.

Алаш ардақтылары. Шығарма
Көшпенділер. Шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу