Мұғалімдік жұмысын тастап, бүкіл қарызынан құтылған жігіттің оқиғасы

Oinet.kz 26-03-2023 5159

Купелес жігіттің әңгімесі:

Ауылда мұғалім боп жүрдім, айлық аз. Аласың, сол күні-ақ жоқ болады. Табыста береке болмаған соң қарызға белшеден баттым. Сосын бір күнде жиналдым да, Астанаға аттанып кеттім. 

Screenshot_1.jpg

"Пекин паласта" бір  мезгілде үш жұмыс істедім: таңертең ерте тұрып, қоқыс шығарам. Таңғы, түскі, кешкі астардан кейін ыдыс жуам. Сосын еден сүртем. Үшеуі үш айлық. Содан шырайым кіре бастады. Қарыздарымнан құтылдым. Айтпақшы, сол екі ортада аспаздың көмекшісі болып та үлгердім. Тамақ істеуді ыдыс жуып, еден сүртіп жүргенде көзімнің қиығымен көріп жүріп үйрендім.

Бірақ үш-төрт жұмыстан бітпейтін шаруа, ауылға ат ізін салмайтын болдым. Уақыт жоқ өйткені. Ал өзім жаңа үйленгем. Келіншегім жас, күнде жылады. Сосын ауылға қайтып оралдым. Бірер аптаға әрең шыдадым. Әбден қимылдап қалған адам жата алмайды екен. Ауылда ондай жұмыс жоқ, әйтпесе таңдамай істей берер едім. Баяғы мұғалімдігіме қайтып кірейін десем, "бәлен миллион бересің" деп өз орныма қайта алуға пара сұрады. Сөйтіп жүргенде қайтадан Астана шақырды жұмысқа. Бұл жолы вахталық жұмыс. 40 күн істеп, 20 күн демаласың. Ішіп-жем, жолыңды бәрін компания көтереді. Тіпті телефонымызға да жұмыс салып береді тарифті. Мүлдем шығынсыз жұмыс. Айлығымды түгел үйге апарам дейді.

- "Мә, бұл неткен жұмыс енді?"десем, "Экскаватор айдаймын", - дейді.

Ең қызығы, оны ютубтан көріп үйрендім. Өзі бар болғаны екі-ақ джойстик. Азалы-кеш соларды басқарып отырасың. Бір аптада үйреніп, бардым да бірден рөлге отырдым. Жаман емес, міне істеп жүрмін, - дейді.

Тағы бір жақсы жері, бастығы кредит алдырмайды екен. Одан да өзі қарызға беріп, айлығынан басып отырады екен.

Жұмысын айтып, жеткізе алмай отырған жігіт Шымқалада бізбен қош айтысты. Терезеден қарасам, 2-3 жасар ұлы мен үріп ауызға салғандай сүп-сүйкімді келіншегі қарсы алып тұр. Қарап сүйсіндім. Бақытты отбасына және қазақтың осындай еңбекқор жігітіне. Ал осыдан кейін қазақ жалқау деп көріңіздерші?!.

Мариям Әбсаттардың Facebook парақшасынан

Жас көріну үшін пластикалық оты жасататын адамдардың синдромы қалай аталады?
Қазақ фольклорындағы жағымсыз кейіпкерлердің көбі - әйелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу