Қызын қайыршыға беруге мәжбүр болған бай

Oinet.kz 14-10-2022 3010

Бір жігіт атақ-даңқы шыққан байдың қызына ғашық болыпты. Қыздың да онда көңілі бар екен. Жігіт неше рет жаушы салса да "жоқ" жауабын алыпты. Жігіт байдың алдына өзі барыпты. 

Screenshot_1.jpg

—Мені кешіріңіз, бай ата—депті, әдептен озбай. —Көңіл бұйрығынан безе алмадым. Айыпқа бұйырмаңыз, қызыңызды шын жүректен жақсы көріп қалдым. Не шартыңыз болса көнемін, үмітсіз етпесеңіз болғаны...

Бай ойланып-ойланып, бұл "сұр бет" жігіттің жазасын берудің жолын тауыпты. 

—Мейлі, —депті. —Екі шартым бар. Біріншісін орындағаннан кейін екіншісін айтамын. 

—Жаныммен орындаймын —депті жігіт. 

—Шартым сол, үш күн таңертеңнен кешке дейін қайыршылық етесің! Базар қақпасы алдында, өз көшеңде, мешіт қақпасы алдында. Мен мұны өз көзіммен көруім керек. 

Жігіт шынымен үш күн қайыршылық істепті. Төртінші күні бесінде күтсе де жігіттен дерек жоқ.Бай іздеп барса базар қақпасы алдында жігіт қайыршылық істеп отырған-мыс. 

—Екінші шартым сол, —деп сөз бастаған екен, жігіт айтыпты: 

—Шартыңыз да, қызыңыз да өзіңізге бұйырсын! Адамды тіріліктен қалдырмаңыз! 

Қызығы сонда, қызы"содан басқаға берсеңіз, өзімді өлтіремін"деп аяқ тіреп тұрып алыпты. 

Аңыздағы шындық: кедейді кемсітсең қайыршыға жалынасың! 

Өткір Хошимовтың"Дәптер жиегіндегі жазбалар" кітабынан. 

Аударған: О. Ермекенов

Айналайын, мамамның ақ жаулығы-ай
КСРО лагерьлерінде тұтқын қыздарды қалай азаптап өлтірген? Социализм сұмдықтары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу