Али Акбар Дехода өмірі мен шығармашылығы

Oinet.kz 06-10-2018 729

Али Акбар Деххода 1880-1956-Известные личности и иранские знаменитости

Иранның көрнекті публицисі, ғалымы, ақыны Али Акбар Дехода туралы зерттеулер енді ғана қолға алына бастады. Ол тек әдебиетші, аудармашы ғана емес, Ирандағы қозғалыстарға қатысқан. 1878 жылы Тегеранда дүниеге келген. 1905 жылы Иранда демократиялық қозғалыс басталып, оның ұйымдастырушылары қуғынға ұшырай бастайды, олардың ішінде А.А.Дехода да бар еді. 1906-1909 жылдары өз елінде жүріп, қуғынға ұшырайды. Әрине, бұл қозғалысқа сырт дүниедегі болып жатқан әлемдік демократиялық үдере өзгерістердің әсері болмай қалған жоқ. Иранның азат ағартушылары елдің санасын оятуға атсалысып, шахтың ауыр режиміне қарсы қарсылық көрсете бастайды. 1907 жылы А.А.Дехода «Сүр-Исрафил» деген газет шығара бастайды. Бұл газеттің міндеті – революциялық күреске көз ашып, халыққа бағыт-бағдар сілтеп, олардың ұлттық-патриоттық сезімін оятып, жаңа өріске бастау болатын. Әлбетте, бұл газетке

авторлар өз аттарымен жазуға қорқады, сондықтан олар қосалқы ат таңдап алады. А.А.Деходаның лақап аты – «Даху» болатын. Осы «Даху» есімімен бірнеше азат пікірлі материалдар жариялады. «Сур-Исрафильдың» алғашқы сандары шыққаннан кейін Иран монахтарына ұнамай, өткір сынға ұшырайды, газет шығарушылардың көздерін жоюды ойластырады. Достары А.А.Деходаға кеңес беріп, шет елге шығып кетуді ұсынады. А.А.Дехода алдымен Парижде болып, Ираннан кеткен қашқындардың басын біріктіріп, қайтадан бас көтеруді ойлай бастайды. Сондай мақсатпен Стамбулға келеді. Сол жерде «Суруеш» деген газет шығаруға әрекет жасайды. Өзі шет елде жасырынып жүріп, газет шығарудың қиындығын басынан кешіреді. «Суруеш» газетінің батылдығына ашуланған түрік үкіметінің басшылары газетті ұнатпай, оны жаптырып тастайды. Біраз жылдардан кейін А.А.Дехода Отанына оралады. Сөйтіп, ол өзінің ең басты еңбектерінің бірі – 2076 беттен тұратын 4 томдық «Эмсал ухекеи», 200 томнан тұратын 4 миллион бет қолжазба дайындайды. Мұның бүгінге дейін 50 томы жарық көрген. 1984 жылы А.А.Деходаның «Диван-е Дехода» деген таңдамалы шығармасы дүниеге келеді. Күрескер-демократ ғалымның тіл саласындағы жұмыстарымен қатар оның жазған жалынды жырлары туған халқына кең тараған еді. А.А.Дехода 1956 жылы Тегеранда қайтыс болады. 1980 жылы туғанына 100 жыл толуы атап өтіледі. Иран тіліндегі сөздіктердің ішінде бүгінде бүкіл дүниежүзіне танымал болып отырған Мұхаммед Монн және Али Акбар Дехода сөздіктері парсы тілінің кешегі, бүгінгі, ежелгі байлықтарын кең қамтып, сол тілді шығыс тілдері ішіндегі ең бай, ең шұрайлы, ең ажарлы тіл қатарына қосылатынын қыруар еңбектерімен дәлелдейді. Өйткені, Дехода өмір сүрген кезде тіл тазарту кең етек алған еді. Әсіресе, оны Еуропа тілдерінің араластырма сөздерінен тазарту үшін, сөйтіп таза Иран тілінің арнасына салу үшін айрықша еңбек сіңіреді. А.А.Деходаны дүниежүзіндегі ең білімді энциклопедист, тілші ғалымдардың қатарына қосады. Осындай қайраткерлердің, адал қызметшілердің арқасында парсы тілінің тазалығы, сұлулығы сақталып қалды. Дехода өзінің «Дивон-е Дехода» деген жыр жинағында өзінің көкірегін жарып шыққан аяулы жырларын, кесек ойларын, ірі мақсаттарын біріктіре білді. Ол бір өлеңінде былай деп жазған екен:

Талға қонған тарамыс,

Ей таңғы кұс, ана құс!

Сенен де өтті қаралы іс,

Мұны қайдан байқасын,

Бал ұйқыда жатқандар.

Құмар құшып жатқандар,

Тұра ала ма балқымай,

Аспандағы алтын ай,

Азабың да көп болды-ау,

Айналайын халқым-ай …

Сенем, сенем туады әлі шат күндер

Дала жайнап, бұлбұл сайрап, бақ гүлдер.

Қызғалдықтың ернінде шық дірілдеп,

Көк жиектен күн де шығар күлімдеп.

Санаңды ойлап, қайткен күнде сабыр тап,

Жан, дініңді жамай берме, жабырқап.

Жылдар жылжып, өтер талай уақыт,

Бізді ұмытпай еске алады бір бақыт.

Ей, алтын дәуір ұланы,

Жердің барда жұмағы,

Елдің барда ұлы әні,

Сөздің барда құлағы,

Таудың барда шынары,

Жердің барда шырағы,

Заман қалай зарығып,

Өмір қалай тынады.

Қалай жақсы әйел болуға болады?
Қойдың емдік қасиеттері. Қойдың адам денсаулығына пайдасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу