Жалқаулықты қалай жеңуге болады? Энтони Роббинс

Oinet.kz 05-09-2020 910

Жалқаулық.jpg

Энтони Роббинс деген америкалық коуч бар. Сол кісі: «Жалқаулық деген жоқ. Жалқаулық арманның болмауынан пайда болады. Егер сені таңғы бесте төсегіңнен жұлып алмаса, ол арман – арман емес», – дейді. Құл болған адам ештеңені армандамайды екен. Арманның жоқтығынан жалқаулық деген кесел пайда болды. Бұрын «сендер құлсыңдар, сендерде мәдениет жоқ, тіл жоқ» деді. Басында «Құл болмаймыз, құл емеспіз» деп қарсыластық, қидаластық. Кенесарының көтерілісі, Исатай, Махамбет, Сырым Датұлы, Созақ көтерілісі… Бірақ, ұра берсе, “Құдай да өледі”. Әсіресе, бізді тұралатып кеткен аштық болды, аштықтан кейін халықтың сағы мүлдем сынды. «Иә, біз құлмыз» дедік, «біздің жазуымыз жоқ», «көзімізді сендер аштыңдар», «біз құлмыз» деп қайталайтын деңгейге жеттік. Қазіргі айтып жүргеніміз де – соның жаңғырығы. Жалқаусың ба? Иә, жалқаумыз. Алауызсыңдар ма? Иә, алауызбыз. Шын мәнінде олай емес. Әрбір қазақ тәуекелшіл, жанын аямайтын кәсіпшіл болған.

ОМАР ЖӘЛЕЛ

«Қалыңдық керек болса, Созақты алыңдар»
Сырлы Созақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу