«Қалыңдық керек болса, Созақты алыңдар»

Oinet.kz 05-09-2020 685

Қалыңдық.jpg

Бұл кезеңде біз, Кенесары батырлары күні-түні ат үстінде жүріп, Қоқанмен күресіп, Созақ, Түркістан, Ақмешіт қамалдарын қоршауға алған болатынбыз. Сырдарияның оң жақ бөлігінде, Шу өзенінің бойындағы қыпшақ ауылдарында жүрген кезімізде, қыпшақ байының Құраш деген сұлу қызына көзіміз түсті. Мен (Бұқарбай батыр), Ағыбай және Наурызбай үшеуміз де қызға ғашық болып қалдық. Қыздың әкесіне «Қызыңды кімге бересің?» дегенімізде, ол «Қалың малсыз ешкімге де бермеймін, және де сендер бүгін мұнда, ертең анда жүретін қаңғыбассыңдар» деді. Бұл сөзге шамданған біз «оның қызын тартып алып, малын айдап әкетейік» деп, Кенесарыдан рұқсат сұрадық. Кенесары бізге қарап: «Бізге халық керек пе, қалыңдық керек пе? Алыстағы дұшпанды жеңбей тұрып, біздің қол астымыздағы халықтың бірлігін бұзуды ойлағандарың ба бұл? Егер сендерге қалыңдық керек болса, барыңдар да Созақ қамалын алыңдар, сөйтіп өзбектің қыздарына үйленіңдер, ал өзіміздің адамдарды тонауға рұқсат бермеймін» деді. 

(Бұқарбай батырдың әңгімесінен)

Томас Джефферсон: Демократия хақында
Жалқаулықты қалай жеңуге болады? Энтони Роббинс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу