Байдың екі қатыны
Ертеректе бір байдың екі қатыны болыпты дейді. Бай ет турағанда бәрінен төмендеу отыратын тоқалына жаны ашып еттің тәуірлеу жерінен бір кесіп "Мына бір жері қатты сіңір екен сен жейсал" деп алдына тастайды. Сіңірді тістеп көрген тоқал "Байеке сіңір, сіңір дегенің шылқа шылқа май екен ғой" деп байдың сырын ашып қойған екен дейді)
Сол айтқандай көнеден қалған сіңірі шыққан кәрі сөздердің құнарлы келетіні рас. Осындай ойда жүрген, есте қалған ескі сөздер болса ортаға сала отырыңыздар. Айтылмаса, жазылмаса бәрі де бір күндері ұмыт болады. Қазақтың сөздік қоры ел аузынан жинағанда ғана толығады.