Жұмбақ. Екі дос

Oinet.kz 05-09-2020 1164

Жігіттің жеті қазына.jpg

Ертеректе екі жігіт дос болыпты. Екеуі ажырамай той тойлап, серілік құрұп жүретін көрінеді. Сондай бір тойлардың бірінде екі дос, өздерінің достығы мәңгілік екенін, ешкімде ажырата алмайтынын айтып біраз мақтанады. Мұны естіп отырған жеңгелерінің бірі:

--Сендердің қыл өтпейтін достықтарыңды араларыңнан қыз өткенде көрермін -деп әзілдейді. Ерігіп отырған жігіттер жеңгеге жабыса кетеді.

--Сол мақтаулы қызыңды әкел. Біз достығымызды дәлелдейміз деп жеңгесімен бәстесе кетеді.

Жеңге де сөзде тұрұп бір сұлуды ертіп әкеліп жігіттермен таныстырады. Әлгі сұлу десе-дегендей қас сұлудың өзі екен. Екі дос естен тана ғашық болып қалады ғой)

Содан не керек, жалғыз сұлуды бірі-біріне қимаған екі достың "Қыл өтпес" достықтары әдірем қалып бірі-біріне қылыш көтеруге дейін барады. Кісі өлімі болудан сақтанған ақылды қыз енді екі жігітке шарт қойяды. "Екеуің жүйрік аттарыңа мініп жарысыңдар. Кімнің аты қалып қойса соған тиемін. Бұл жұмбақ шарттың ақылмен шешшеңдер аса қиындығы жоқ. Ал, ақымақ болып бір-біріңді жау көрсеңдер екеуіңеде жоқпын!" -деп кесіп айтады. Қыз сөзіне тоқтаған екі жігіт ақылдса келе қыз жұмбағын шешеді. Ат шаптырым алыстан барынша жылдамдықпен, құйындата шапқан екі дос бірінен соң бірі қыздың алдынан кесіп өтеді. Жігіттердің ақылға келіп, ақылдаса шешкен тірлігіне риза болған қыз да уәдеде тұрып, аты қалып қойған жігітке тұрмысқа шыққан екен деседі)

Қызығы сол, жігіттер қыз жұмбағын қалай шешті екен?) "Қалған атты таңдаймын" дегенде жігіттер неліктен бірінші келуге тырысты?

Айдар Темірбекұлы

Байдың екі қатыны
Сыр күріш. Байдың баласы туралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу