Түркия «көгілдірмен» күреседі

Oinet.kz 12-03-2025 33

Түркияда 2025 жыл ресми түрде ЛГБТ контентімен күрес жылы болып жарияланды.

Бұл туралы Радио және телевидение Жоғары кеңесі (RTÜK) мен елдің Ақпараттық технологиялар және коммуникациялар басқармасы (BTK) өкілдері Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Балаларға қатысты зорлық-зомбылық жөніндегі комитетінің отырысында баяндама жасады. Онда олар елдегі цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылдап жатқан шаралар туралы айтты.

RTÜK төрағасы Фейзуллах Теджирли балаларға қатысты зорлық-зомбылықты талқылау барысында мемлекеттік органның түрік телехикаялары продюсерлерімен жұмысты жалғастырып, «отбасылық құндылықтарға» назар аударып, балаларға қолайлы контентті қолдайтынын жеткізді. Ол кеңестің әрекетінде дәстүрлі түрік құндылықтарына сәйкес келетін мәдени бастамаларды қолдауға баса назар аударылатынын атап айтты. Сонымен қатар, BTK бас директоры Абдулкерим Гюн реттеуші ұйымдар ЛГБТ мазмұнына тыйым салу үшін белсенді түрде жұмыс істеп жатқанын және бұл мәселе бойынша ықтимал сот процестеріне алаңдамайтынын тілге тиек етті. 

Мұндай бастамалар ел ішінде де, сыртында да пікірталас тудырды. Өйткені олар сөз бостандығына және ЛГБТ қауымдастығының құқықтарына әсер етуі мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, азшылық құқықтары мен баспасөз бостандығына қатысты пікірталастар өршіп тұрған тұста мұндай шаралар Түркиядағы мәдени алмасуларға қатаң цензураға және шектеулерге әкелуі мүмкін.

«Әлемдегі алғашқы гей имам» оққа ұшып, мерт болды
Қантөгіске кінәлілер қатаң жазаланады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу